Меню

Страницы

Статья

ХАБАРЛАМА 2023 жылғы 30 сәуірде Қордай ауданының Сарыбұлақ және Масанчи ауылдық округтері әкімдерін сайлау өтті.

ХАБАРЛАМА

 

2023 жылғы 30 сәуірде Қордай ауданының Сарыбұлақ және Масанчи ауылдық округтері әкімдерін сайлау өтті.

Қордай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қордай ауданы ауылдарының, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы сайлау қорытындыларын анықтады:

Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4435 азамат енгізілді, оның ішінде 3295 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 11, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абенов Б.Х. – 2578; Аманбаев С.С. – 465; Қабылтай Т.Ү. – 238.

Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі болып Абенов Бахтияр Хажимуханович, 1991 жылы туған, «Қазсушар» РМК ЖФ «Қордай» өндірістік бөлімінің бастығы, Сарыбұлақ ауылдық округінің Сарыбұлақ ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

Қордай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 2 мамырдағы шешімімен 2023 жылғы 30 сәуірде сайланған Қордай ауданының Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімін тіркеді.

Масанчи ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 9470 азамат енгізілді, оның ішінде 7281 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 12, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 1.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Буларов Х.Б.– 5914; Жәнетұлы Б. – 749; Мади Н. – 605.

Масанчи ауылдық округінің әкімі болып Буларов Хусеин Баширович, 1987 жылы туған, Қордай ауданы Масанчи ауылдық округі әкімінің орынбасары, Сортөбе ауылдық округінің Сортөбе ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

Қордай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 2 мамырдағы шешімімен 2023 жылғы 30 сәуірде сайланған Қордай ауданының Масанчи ауылдық округінің әкімін тіркеді.

Қордай аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
02 мая 2023
Дата обновления
02 мая 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
О выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан
Ақпарат
13 октября 2026
Указ Президента РК
Ақпарат
21 августа 2026
ДАУЫС БЕРУДІ АШУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы