«ДАУЫС» Қоғамдық байқаушылар коалициясы» РҚБ Жамбыл облысының филиалы Қордай ауданы бойынша үйлестірушімен кездесу
2023 жылы 28 ақпанда Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев «ДАУЫС» Қоғамдық байқаушылар коалициясы» РҚБ Жамбыл облысының филиалы Қордай ауданы бойынша үйлестірушісі Насыров Станиславты қабылдады.
Қоғамдық бақылаушылар ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарына депутаттар сайлауын өткізуге дайындық барысымен танысты, сондай-ақ кездесу барысында төраға байқаушылардың құқықтары мен міндеттерін еске салды. Кездесу барысында депутаттар сайлауын дайындау және өткізу мәселесі бойынша пікір алысты.