Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы 23 ақпанда аудандық мәдениет үйінде учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылармен семинар– кеңесі өтті

Семинар – кеңесте Қордай ауданы 2023 жылы 23 ақпанында болып өтті. Семинар – кеңесте учаскелік сайлау комиссияларының төраға/төрайымдары және хатшылары қатысты. Барлығы: 108 адам.

Бірінші тақырып: «Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру туралы» Қордай аудандық сайлау комиссия төрағасының орынбасары Күмекбай Эльдар Сәбитұлы баяндама жасады.

Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайда, дауыс беру пунктін жарақтандыру Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 23 қазандағы № 21/183 Қаулысына сәйкес сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайларда, дауыс беру пунктін жарақтандыру қажет екендігінің айтты.

Екінші тақырып: «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту мен тестілеу туралы» Қордай аудандық сайлау комиссия төрағасының орынбасары Күмекбай Эльдар Сәбитұлы баяндама жасады.

Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері қашықтықтан оқыту мен тестілеуден өтуі тиіс. Тестілеу 2023 жылдың 1 наурызынан басталады.

Үшінші тақырып: «Мүгедектігі бар азаматтар үшін дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру туралы» аудандық сайлау комиссия төрағасы А.Т.Сырлыбаев баяндама жасады.

Мүгедектігі бар азаматтар үшін дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 23 қазандағы № 21/183 Қаулысына сәйкес жарақтандыратыны айтты.

Төртінші тақырып: «Сайлау комиссияларының мүшелерін еңбек ақысын төлеу туралы»  аудандық сайлау комиссия төрағасы А.Т.Сырлыбаев баяндама жасады.

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өңіріміздің барлық аудандарының жергілікті атқарушы органдарының қаржы қызметтерінің қызметкерлерін алдағы сайлауды дайындау мен өткізуге байланысты бюджетті жоспарлаудың негізгі бағыттары мен шығыстарын және округтік сайлау комиссия мүшелерінің еңбек ақысы бойынша түсіндірді.

Барлық сұрақтар бойынша жауаптар мен түсініктемелер берілді.

Дата публикации
24 февраля 2023
Дата обновления
23 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
О выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан
Ақпарат
13 октября 2026
Указ Президента РК
Ақпарат
21 августа 2026
ДАУЫС БЕРУДІ АШУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы