Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы 22 ақпанда аудандық мәдениет үйінде облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттармен, олардың сенім білдірілген адамдарымен және аудандық сайлау комиссияларының төрағаларымен семинар– кеңес өтті

Семинар – кеңесте Қордай ауданы 2023 жылы 22 ақпанында болып өтті. Семинар – кеңесте облыстық және аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар, олардың сенімді өкілдер және округтік сайлау комиссияларының төраға/төрайымдары қатысты.

Семинар кеңестің жұмысын аудандық сайлау комиссия төрағасы А.Т.Сырлыбаев қорытындылады. Семинар – кеңесте көптеген сұрақтар қойылды.

Семинар кеңеске: №11 және №12 Облыс, 20 аудандық сайлау округтерінің төрағалары қатысты. Барлығы: 68 адам. Сондай – ақ семинар кеңесте аудан әкімі аппаратының бас есепші Ж.Маженова қатысты.

Бірінші тақырып: «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында облыстық және аудандық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлері туралы».

Қордай ауданы әкімі аппаратының бас есепшісі Ж.Маженова баяндама жасады. 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында облыстық және аудандық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлері бойынша толығырақ түсіндірді.

Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Т. Сырлыбаев" Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 106-бабына сәйкес мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау қоры мөлшерінде шектеулер бар екенін айтты.

Облыс мәслихаттары депутаттығына кандидаттың сайлау қоры:

      1) кандидаттың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бір жүз еседен аспауға тиісті өз қаражатынан;

      2) Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен екі жүз еседен аспауға тиісті ерікті қайырмалдықтарынан құралады.

      Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен он еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында жиырма бес еседен аспауға тиіс.

          Аудандар мәслихаттары депутаттығына кандидаттың сайлау қоры:

      1) кандидаттың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен елу еседен аспауға тиісті өз қаражатынан;

      2) Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бір жүз еседен аспауға тиісті ерікті қайырмалдықтарынан құралады.

      Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бес еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында он бес еседен аспауға тиіс.

Екінші тақырып: «Облыстық және аудандық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар және олардың сенімді өкілдер сайлау алдындағы үгiт материалдарын өткізудің негізгі сәттері туралы» аудандық сайлау комиссия төрағасы А.Т.Сырлыбаев баяндама жасады.

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27, 28 және 29-баптарда көрсетілген үгіт-насихат іс-шараларын өткізудің кейбір сәттері туралы түсіндірді.

 

Дата публикации
24 февраля 2023
Дата обновления
22 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
О выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан
Ақпарат
13 октября 2026
Указ Президента РК
Ақпарат
21 августа 2026
ДАУЫС БЕРУДІ АШУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы