Оқыту семинар – кеңесте Қордай ауданы 2023 жылы 17 ақпанында болып өтті. Семинар – кеңесте округтік сайлау комиссияларының төраға/төрайымдары және хатшылар қатысты.
Семинар кеңестің жұмысын аудандық сайлау комиссия төрағасы А.Т.Сырлыбаев қорытындылады. Семинар – кеңесте көптеген сұрақтар қойылды.
Семинар кеңеске: №11 және №12 Облыс, 20 аудандық сайлау округтерінің төрағалары және хатшылары қатысты. Барлығы: 44 адам. Сондай – ақ семинар кеңесте аудан әкімі аппаратының бас есепші Ж.Маженова қатысты.
Қордай ауданы әкімі аппаратының бас есепшісі Женискуль Маженова баяндама жасады. 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өңіріміздің барлық аудандарының жергілікті атқарушы органдарының қаржы қызметтерінің қызметкерлерін алдағы сайлауды дайындау мен өткізуге байланысты бюджетті жоспарлаудың негізгі бағыттары мен шығыстарын және округтік сайлау комиссия мүшелерінің еңбек ақысы бойынша түсіндірді.
Екінші тақырып: «Кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу туралы» аудандық сайлау комиссия төрағасының орынбасары Э.С.Күмекбай баяндама жасады.
Эльдар Сәбитұлы Күмекбай саяси партияның, мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау қорының мөлшерi туралы түсіндірді.
Облыс мәслихаттары депутаттығына кандидаттың сайлау қоры:
1) кандидаттың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бір жүз еседен аспауға тиісті өз қаражатынан;
2) Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен екі жүз еседен аспауға тиісті ерікті қайырмалдықтарынан құралады.
Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен он еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында жиырма бес еседен аспауға тиіс.
1) кандидаттың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен елу еседен аспауға тиісті өз қаражатынан;
2) Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бір жүз еседен аспауға тиісті ерікті қайырмалдықтарынан құралады.
Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бес еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында он бес еседен аспауға тиіс.
Үшінші тақырып: «Кандидаттардың сенімді өкілдерді тіркеу туралы» аудандық сайлау комиссия төрағасы А.Т.Сырлыбаев баяндама жасады.
Сенім білдірілген адамдарды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 21 қарашадағы № 62/108 «Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қаулысы басшылыққа алып тіркеу жұмыстарын жүргізу бойынша түсіндірді.