Оқыту семинар – тренинг Қордай ауданы 2023 жылы 1 ақпанында болып өтті. Семинар – тренингті облыстық сайлау комиссия мүшелері: С.К.Мадиева, Т.С.Жамалов, М.Е.Сембеков қатысты.
Семинар кеңестің жұмысын С.К.Мадиева қорытындылады. Семинар – тренингте көптеген сұрақтар қойылды.
Семинар кеңеске: №11 және №12 Облыс, 20 аудандық сайлау округтерінің төрағалары, орынбасарлары және хатшылары, 54 сайлау учаскелерінің төраға мен хатшылары қатысты. Барлығы: 174 адам. Сондай – ақ семинар тренингке аудан әкімдігінің аппарат басшысы Н.А.Сатымқұл, аудандық прокуратура, төтенше жағдай бөлімінің, ішкі істер бөлімінің, санитарлық қадағалау және бақылау басқармасының, кірістер басқармасының және БАҚ өкілдері қатысты.
Бірінші тақырып: «Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың ұсынылу мен тіркелу тәртібі туралы. Сайлау құжаттарының нысандары туралы» Т.Жамалов баяндама жасады.
Екінші тақырып: «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындау және сайлау заңнамасының жаңа енгізілімдері туралы» С.Мадиева баяндама жасады.
Үшінші тақырып: «Сайлау процессін ақпараттандыру және сайлау алды үгіт жұмыстарын ұйымдастыру туралы. Сайлауды байқау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерді, коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы» М. Сембеков баяндама жасады.