Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарламасы

Қордай ауданы әкімінің аппараты сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарламасы

 

 

2025 жылғы 30 қарашаға тағайындалған Қақпатас және Қарасай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының 5-тармағына сәйкес Қордай ауданының Қақпатас және Қарасай ауылдық округтері әкімдерінің сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлаймыз:

 

№ 218 сайлау учаскесі

Учаскенің орналасқан жері: Қордай ауданы, Қарасай батыр ауылы, Почтовая көшесі №25, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Сайлау учаскесінің шекарасы: Қарасай батыр ауылы.

 

№ 219 сайлау учаскесі

Учаскенің орналасқан жері: Қордай ауданы, Еңбек ауылы, Кәумен батыр көшесі №47, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Сайлау учаскесінің шекарасы: Еңбек ауылы.

 

№ 251 сайлау учаскесі

Учаскенің орналасқан жері: Қордай ауданы, Беріктас ауылы, Т.Сақалов көшесі №5, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің № 28 Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Сайлау учаскесінің шекарасы: Беріктас ауылы.

 

№ 252 сайлау учаскесі

Учаскенің орналасқан жері: Қордай ауданы, Қақпатас ауылы, Мейрман Сапарбай көшесі №40, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің Мұстафа Шоқай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Сайлау учаскесінің шекарасы: Қақпатас ауылы.

 

 

 

Қордай ауданы әкімінің аппараты

 

 

Дата публикации
05 ноября 2025