Қордай аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы жанынан
Жас сайлаушылар клубын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Казакстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14 бабының 11-1)-тармағына және 12)-тармағына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан жас сайлаушылар клубы форматында диалог алаңдары және өзге де жастармен өзара іс-қимыл нысандары құрылсын.
- Жас сайлаушылар клубының жұмысын жоспарлап, үйлестірудегі мемлекеттік мекемелер келісімі №1 қосымшаға сәйкес рәсімделсін.
- «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлескен жылдық шаралар кешені жоспарлары әзірленсін.
- Жас сайлаушылар клубын құру туралы қаулының орындалуын бақылау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Эльдар Сәбитұлы Күмекбайға жүктелсін.
- Осы қаулы Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсына орналастырылсын.
Төраға А.Сырлыбаев
Хатшы Г.Ниязгулова