Қордай ауданы Бетқайнар, Қаракемер және Үлкен-Сұлутөр ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Қордай  ауданы  Бетқайнар, Қаракемер және Үлкен-Сұлутөр

 ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына,  113-1 бабының 1-тармағына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2025 жылғы 24 тамызға  Қордай ауданы  Бетқайнар, Қаракемер және Үлкен-Сұлутөр  ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
  2. 2025 жылғы 24 тамызға тағайындалған Қордай ауданы  Бетқайнар, Қаракемер және Үлкен-Сұлутөр  ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Қордай шамшырағы» газетінде жариялансын.

 

Төраға                                                                 А.Сырлыбаев

  Хатшы                                                                  Г.Ниязгулова

 

  

Қордай ауылы,

16 шілде 2025 жыл

№8

Дата публикации
16 июля 2025