Қордай ауданында Бетқайнар, Қаракемер және Үлкен-Сұлутөр ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

Қордай ауданында Бетқайнар, Қаракемер және Үлкен-Сұлутөр  ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

  

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қордай ауданының Бетқайнар, Қаракемер және Үлкен-Сұлутөр ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша Бетқайнар, Қаракемер және Үлкен-Сұлутөр ауылдық округтерінің шекараларында сайлау округтері құрылсын.
  2. Сайлау округтері және олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Қордай шамшырағы» газетінде жариялансын.

  

Төраға                                                                  А.Сырлыбаев

 Хатшы                                                                  Г.Ниязгулова

 

 

Қордай ауылы,

16 шілде 2025 жыл

№7

Дата публикации
16 июля 2025