ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫ СҰЛУТӨР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫҢ КЕЗЕКТІ САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ, СОНДАЙ-АҚ РЕДАКЦИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ҮШІН "ҚОРДАЙ ШАМШЫРАҒЫ – ҚОРДАЙ МАЯК" ГАЗЕТІНДЕ БАСПА АЛАҢЫН ҰСЫНУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 1, 2, 3-тармақтарына сәйкес «Қордай шамшырағы-Қордай маяк» газетінің редакциясы 2025 жылғы 18 мамырдағы сайлауға қатысатын Сұлутөр ауылдық округі әкіміне кандидаттарды төлем мөлшері туралы, газетте баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі туралы хабардар етеді «Қордай шамшырағы-Қордай маяк» және газет сайтында www.mayak1932.kz үгіт материалдары үшін көлемі 0,1 баспа парағы бар мақалалар түрінде.
Үгіт материалдарының мәтіндерін Кандидаттардың өздері дайындайды. Үгіт-насихат мақаласы жариялануы үшін тіркелген кандидат не оның сенім білдірілген адамы:
- тіркеу нөмірі; күні; уақыты; кандидаттың немесе сенім білдірілген тұлғаның ТАӘ; сайлау округі; кандидаттың немесе уәкілетті тұлғаның қолы бар редакцияға жазбаша өтініш беру;
- өкілеттігін куәландыратын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсыну:
а) кандидат үшін-жеке куәлік және кандидат куәлігі;
б) сенім білдірілген тұлға үшін — жеке куәлік және сенім білдірілген адамның куәлігі.
ҮГІТ МАТЕРИАЛЫН ЖАРИЯЛАУДЫҢ ТӘРТІБІ
Редакция тіркелген кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін баспасөз бетінен орын береді. Кандидаттардың газетке шығуының кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен, егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе, материалдардың жариялану реті жеребе бойынша белгіленеді.
Жазбаша өтініш редакцияға келіп түскеннен кейін үгіт материалына басылым бетінде лайықты орын берілгені үшін «Қордай шамшырағы – Кордайский маяк» газеті және кандидат мақаланың жариялану ақысы жайында екі жақты келісімшарт жасасады.
Үгіт материалы газет бетінде мақаланың толық төлемі редакцияның есепшотына жүз пайыз көлемінде түскеннен кейін барып бір-ақ жарияланады.
ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ҰСЫНУДЫҢ ТӘРТІБІ
Кандидат үгіт материалының мәтінін редакцияның жарнама бөліміне «Қордай шамшырағы – Кордайский маяк» газетінің кезекті саны жарыққа шықпай тұрып, үш күн қалған мерзімге дейін ұсынуы тиіс. Материалдың мәтіні қағазға басылып шығарылып, оған кандидат немесе оның сенімді өкілі қол қоюы қажет. Сонымен қатар электронды нұсқасы қоса болуы керек (дискета, диск, электрондық пошта). Берілген күні және тіркеу нөмірі көрсетілген материалдың жазбаша нұсқасы редакцияға екі данамен тапсырылып, оған редакция тарапынан қабылданған күні, уақыты, қабылдаған қызметкердің аты-жөні, қызметі жазылып, қол қойылады. Мәтіннің біреуі газеттің жарнама бөліміне тіркеліп, екіншісін тапсырыс берушінің өзі алып кетуі тиіс. ҚР «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына сай келмейтін үгіт мақалалары жарияланбайды.
ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖАРИЯЛАУДЫҢ ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ
Кандидат немесе оның сенімді өкілі үгіт материалының жариялану құнын жүз пайыз төлейді. Төлемақы редакцияның алдын ала келісімшартта қарастырылғандай арнайы реквизиті көрсетілген есепшотына аударылуы керек. Баспасөзде ақпараттық үгіт материалдарын орналастыру құны (қосымша құн салығын қосапағанда) 1 шаршы сантиметрге – 120 теңге.