ХАБАРЛАНДЫРУ
«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды бастау туралы
Қордай ауданы 2025 жылғы 10 сәуір
2025 жылғы 01-30 мамыр аралығында «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - КММ) Қордай ауданы әкімінің 2025 жылғы 21 қаңтардағы №13 ө өкіміне сәйкес жұмыс тобы төменде көрсетілген бөлімдердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді:
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (ТБН - 4) талаптарына сәйкес талдау объектісінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталғанға дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей (бұдан әрі - ЖТІТ) нәтижелерін жария талқылау жүргізіледі.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 05 маусымнан бастап жоғарыда аталған бөлімдерде өткізілген ЖТІТ нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы жариялаймыз.
Баяндалғанды ескере отырып, ЖТІТ нәтижелерін жария талқылауға қатысуды және олар бойынша ұсыныстарды Akimat.pravo@mail.ru электрондық поштаға ұсынуды сұраймыз.
«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты»