2025 жылғы 2 наурызда өткен Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 2 наурызда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

 

Сортөбе ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 11246 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 7075 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 24 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 2.

Сортөбе ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Карасартов Габит Джумашевич үшін сайлаушылардың 387 дауысы берілді,

Фушанло Рустам Юнусович үшін сайлаушылардың 6633 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 40.

Сайлау қорытындыларымен: Сортөбе ауылдық округінің әкімі болып Фушанло Рустам Юнусович сайланды. 1986 жылы туған, Сортөбе ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылының тұрғыны.

 

 

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
03 марта 2025