Қордай аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 22 қаңтардағы №1 «Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысына және Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарының 16 тармағына сәйкес, Қордай ауданы әкімінің аппараты Қордай ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар жөнінде хабарлайды:
|
№ |
Елді мекен атауы |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары |
|
1 |
Сөртөбе ауылы |
Сортөбе ауылы, Алтын Орда көшесі 159 "б", "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны ғимаратының алдындағы ақпараттық тақта |
|
2 |
Сөртөбе ауылы |
Сортөбе ауылы, Баласағұн көшесі 49 "А", "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің №17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы ақпараттық тақта |
|
3 |
Сөртөбе ауылы |
Сортөбе ауылы, Дунларов көшесі 9, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы №48 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы ақпараттық тақта |
|
4 |
Бұлар батыр ауылы |
Бұлар батыр ауылы, Өркениет көшесі 29 "б", "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қордай аудандық орталық ауруханасы" шауашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ғимаратының алдындағы ақпараттық тақта |
Қордай ауданы әкімінің аппараты