Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс кимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс кимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ . Осы заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін,ең қауіпті түрі-парақорлық.Бірінші кезекте пара беру және пара беру.Бүгінде бұл мәселе бүкіл әлемнің басты проблемаларының бірі болып табылады
Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.
Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үддесінен шығатынымыз сөзсіз. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс қозғаудың бір негізі-азаматтардың арызы. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті, Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 50 мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.
Д.Ботанбаева, “Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы”
Жамбыл облысы Қордай аудандық бөлімшесінің бас маман-менторы
Д.Ботанбаева, Государственная корпорация «Правительство для граждан»
Главный специалист-ментор Кордайского районного отделения Жамбылской области

Дата публикации
12 ноября 2024