Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 8 желтоқсанға №3 және №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалғанның орнына Қордай аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауын тағайындады.
Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін.
№3 округ орталығы: Қордай ауданы Масаншы ауылы, Мәңгілік ел көшесі 21, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Қордай ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралар: Масанчи ауылы, Булар батыр ауылы. Құрамына №224, №229, №515 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№7 округ орталығы: Қарасу ауылы, Школьная көшесі 14 А, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Қордай ауданының білім бөлімінің №7 Александр Пушкин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралар:_Қарасу, Өтеген ауылы, Күнбатыс-1 ауылы, Күнбатыс-2 ауылы. Құрамына №225, №232, №233, №511 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы