Қордай ауданының Қақпатас ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

Қордай ауданының Қақпатас ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

   

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, 2 және 4-тармақтарына  сәйкес, Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2024 жылғы 15 қыркүйекке Қордай ауданының Қақпатас ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Қордай ауданының Қақпатас ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешім Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және «Қордай шамшырағы» аудандық қоғамдық-саяси газетінде жариялансын.

 

Төраға                                                                 А. Сырлыбаев

 

Хатшы                                                                Г. Ниязгулова

Дата публикации
07 августа 2024