«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14, 45, 113-11 баптарына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 мамырдағы №31 шешімімен 2024 жылғы 5 мамырда сайланған Абильдаев Берик Еркинович Қордай ауданы Алға ауылдық округі әкімі болып тіркелді.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 мамырдағы №32 шешімімен 2024 жылғы 5 мамырда сайланған Әлхан Жанияз Шерниязұлы Қордай ауданы Қарасу ауылдық округі әкімі болып тіркелді.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы