2024 жылғы 31 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қордай аудандық мәслихаттың орнына депутат сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 4856 азамат енгізілді. Дауыс беруге -2769 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша -0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 25 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны -3.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
№ 9 сайлау округі бойынша
Бейкут Тилебалдыевич Джамангозов үшін сайлаушылардың – 2217 дауысы берілді;
Айдана Досымханқызы Нұрқияс үшін сайлаушылардың - 239 дауысы берілді;
Альмира Жумабаевна Райымбекова үшін сайлаушылардың - 163 дауысы берілді;
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 104.
Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихаттың депутаты болып:
№ 9 сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихаттың депутаты болып – Джамангозов Бейкут Тилебалдыевич, 1969 жылы туған, «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы сайланды.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы