Қордай ауданының Алға және Қарасу ауылдық округтері әкімдерін сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы

ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ

САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

ШЕШІМІ

 

 

2024 жылғы «27»  наурыз                         №19                          

 

 

 

 

 

Қордай ауданының Алға және Қарасу ауылдық округтері әкімдерін сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының                    4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Қордай ауданының Алға және Қарасу ауылдық округтері әкімдерін сайлауы бойынша сайлау округтерін құру:

1) Алға ауылдық округі әкімі – Алға ауылдық округі шекарасындағы Алға сайлау округі;

2) Қарасу ауылдық округі әкімі – Қарасу ауылдық округі шекарасындағы Қарасу сайлау округі.

  1. Сайлау округінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және «Қордай шамшырағы» аудандық қоғамдық-саяси газетінде жариялансын.

 

 

Төраға                                                                  А. Сырлыбаев

 

 

          Хатшы                                                                  Г. Ниязгулова

Дата публикации
27 марта 2024