14.03. сағат 16-00-де Қордай ауданында 4 елді мекенде
(Алға ауылы, Бетқайнар ауылы, Жамбыл ауылы және Қордай ауылы) электр энергиясы апатты түрде үзілді,
соның салдарынан 2038 абонент электр жарығынсыз қалды, оның ішінде 15 әлеуметтік нысан.
Авариялық қалпына келтіру жұмыстарын «ЖЭС» ЖШС жүргізуде (8 адам және 2 техника).