Қордай ауданының жергілікті атқарушы органдардың
2023 жылдың 12 айында
көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
65 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 192 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.
Оның ішінде:
2023 жылдың 12 айында аудан бойынша ЖАО 16408 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Есепті мерзімде ЖАО қызмет берушілері 1704 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2023 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 15.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 1300 халықты қамтыған 4 түсіндірме іс-шараларын (семинар-кеңестер, онлайын жәрменке) жүргізді.
2023 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан ЖАО-ның
8 қызметкерлері өтті.