Қордай ауданының жергілікті атқарушы органдардың
2023 жылдың 4 тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
65 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 192 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.
Анықтама үшін: 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Жұмыспен қамту орталығы облыс әкімдігіне қарасты мекеме болуына байланысты және АХАЖ саласы мемлекеттік корпорацияға өтуіне байланысты көрсететін қызметтердің саны 11 қызмет түріне, 22 кіші қызмет түріне азайды.
Оның ішінде:
2023 жылдың 4 тоқсанында аудан бойынша ЖАО 4195 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Есепті мерзімде ЖАО қызмет берушілері 713 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2023 жылдың 4 тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 12.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 550 халықты қамтыған 1 түсіндірме іс-шара ( онлайын жәрменке) жүргізді.
2023 жылдың 4 тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан ЖАО-ның
1 қызметкер өтті.