Қордай ауданының жергілікті атқарушы органдардың 2023 жылдың 2 тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Қордай ауданының жергілікті атқарушы органдардың

2023 жылдың 2 тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
76 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 214 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 9 қызмет түрі (4,2 %);
  • электронды түрде – 174 қызмет (81,3 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы –31 қызмет (14,5 %).

2023 жылдың 2 тоқсанында аудан бойынша ЖАО 3573  мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде –    3376 қызмет (94,5 %);
  • қағаз түрінде –     197  қызмет (5,5 %);

Есепті мерзімде ЖАО қызмет берушілері 213 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2023 жылдың 2 тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.

2023 жылдың 2 тоқсанында ЖАО-ның 7 қызметкері мемлекеттік қызметтер саласында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

         

 

       

 

2023 жылдың 2 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Дата публикации
29 января 2024