Қордай ауданы бойынша 2023 жылдың 10 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдар тарапынан 65 мемлекеттік қызмет түрін, кіші түрімен қоса алғанда 192 қызмет түрін көрсетеді.
Оның ішінде:
Анықтама үшін: 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Жұмыспен қамту орталығы облыс әкімдігіне қарасты мекеме болуына байланысты және АХАЖ саласы мемлекеттік корпорацияға өтуіне байланысты көрсететін қызметтердің саны 11 қызмет түріне, 22 кіші қызмет түріне азайды. Яғни, бүгінгі күнге аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдар көрсететін қызметтердің жалпы саны – 54, кіші түрімен қоса алғанда 159 қызмет түрін құрайды.
2023 жылдың 10 айында ауданның жергілікті атқарушы органдарымен 18850 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Ішкі бақылау іс-шаралары бойынша:
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімінде және сапалы орындалуына ішкі бақылау іс-шараларын жүргізу бойынша аудан әкімімен 2023 жылға арналған іс-шара жоспары бекітілген. Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 10 айдың
қорытындысы бойынша Отар және Қордай ауылдық округі әкімінің аппаратында, Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде ішкі бақылау іс-шараларын жүргізілді.
Оқыту семинары мен біліктілігін арттыру курстары бойынша:
Ағымдағы жылдың мамыр айында Қордай ауданы әкімі аппаратының, аудан әкімдігінің қызметкерлеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі нормаларын қолдану тәртібі бойынша әдістемелік көмек көрсету семинары өткізілді.
2023 жылдың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілігін арттыру курсынан 7 қызметкер өтті.