Жамбыл облысы Қордай ауданы Степной ауылдық округіне қарасты Степной ауылының тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының
№ 1 Х А Т Т А М А С Ы
Степной ауылы 04.07.2023 жыл
Жиналыс төрағасы: К.Джолдасбаев
Жиналыс хатшысы: И.Шуйшибекова
Жиналысқа қатысқандар:
Күн тәртібінде:
Степной ауылының атауын Дінмұхамед Қонаев ауылы деп қайта атау туралы
Тыңдалды: К.Джолдасбаев - ауылдық округінің әкімі: Бүгінгі жиналысқа Степной ауылының тұрғындары және 20 жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысып отыр.
Степной ауылының атауын қайта атау туралы ұсыныстар түсіп, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1 бабының 1-тармағы негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, «Идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасын» іске асыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілді.
Осыған орай, ауыл тұрғындары өздеріңіз тұрып жатқан Степной ауылының атауын Дінмұхамед Қонаев ауылы деп қайта атау туралы өз ойларыңызды ортаға салуларыңыз сұралады.
Сөйлеген: Соседова Елена - Бәйшешек көшесінің тұрғыны: Степной ауылы Бәйшешек көшесінің тұрғынымын, ауыл атауы өзгерсе, құжаттарды өзгертуіміз қажет па?
Жауап берген: К.Джолдасбаев - Степной ауылдық округінің әкімі: Ауыл атауы өзгергенде, қажеттілікке байланысты ауыл атауының өзгергені туралы анықтама, шешімнің көшірмесі беріледі, құжаттар өзгертілмейді.
Сөйлегендер: М.Жамбайбеков, М.Сихымбаева – қоғамдастық мүшелері: Ауыл атауын елімізге еңбегі зор ұлы тұлға атауына өзгертуді дұрыс деп есептейміз. Бүгінгі күннің талабына сай үлкен мәселе деп санаймыз.
Сөйлеген: Тустикбаев Тлеужан – Қазына көшесінің тұрғыны: ауыл атауын өзгертетін уақыт келді. Бұл ұсынысты қолдай отырып, ауыл атауын өзгерту дұрыс деп санаймын.
К.Джолдасбаев - Степной ауылдық округінің әкімі: «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1 бабының 1 тармағына және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа салды.
Қарсы- 61адам
Қалыс – 3адам
Қолдағандар саны 459 -адам
Жиналыс төрағасы ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Степной ауылының атауын Дінмұхамед Қонаев ауылы деп қайта атау туралы ұсынысын ауыл тұрғындары көпшілік дауыспен қолдағандығы туралы жария етті.
Жиынның шешімі:
Жиын төрағасы К.Джолдасбаев
Жиын хатшы И.Шуйшибекова