Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекіту туралы

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың,
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекіту туралы

 

 

          «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер      туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 30-бабы 3-тармағының 5-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабының 3 тармағына сәйкес:

  1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесі осы өкімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Ақынғалиұлы Сатымқұлға жүктелсін.
  3. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                       Б.Болатбеков

 

 

 

 

 

 

    Қордай ауданы әкімінің 
2023 жылғы «28»  ақпандағы 

  № 19-ө  өкіміне

қосымша

 

 

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың,

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың
ТІЗБЕСІ

 

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің орынбасары
    (қаржылық мәселелерге жетекшілік ететін);
  2. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы
  3. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
06 марта 2023