2022 ЖЫЛДЫҢ 31 ШІЛДЕСІНЕ БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ

2022 жылдың 31-ші шілдесіне аудан бюджетінің кіріс бөлігі жоспарланған 14 млрд. 710,6 млн. теңгенің орнына 15 млрд. 181,1 млн. теңгеге немесе  103,2%-ке орындалды, оның ішінде меншікті кірістер бойынша жоспардағы 2 млрд. 074,4 млн. теңгенің орнына 2 млрд. 472,6 млн. теңге қамтамасыз етілді, артығымен 398,2 млн. теңге түсіп 119,2%-ке орындалды. 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда меншікті кірістер 66,1 млн. теңгеге азайды, өсу қарқыны 97,4%-ды құрады (2021 жылдың 1-ші жартыжылдықта заңды тұлғалардың мүлік салығы бойынша аванстық төлемдер түсуіне байланысты).

Аудан бюджетінің шығыс бөлігі жоспарланған 14 млрд. 924,0 млн. теңгенің орнына 14 млрд. 920,4 млн. теңгеге немесе 100,0%-ке игеріліп, игерілмеген қалдығы 3,6 млн. теңгені құрады (аудан мекемелер бойынша үнемделген қаражаттар).

Дата публикации
11 августа 2022