Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

Ақпарат саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 сәуірде № 20296 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетен қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 21.01.2022 № 16 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 25.02.2022 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Д. Абаев

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

 

  "Отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою қайта есепке алу
куәлігінің телнұсқасын беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 1-қосымша
 
Нысан
  (отандық теле-,
радиоарнаны есепке қою
туралы куәлікті беретін
органның толық атауы)

 

Өтініш

      Сізден отандық теле-, радиоарна ___________________________________
_________________________________________________________________
(теле-, радиоарнаның атауы)
есепке қоюды сұраймын.
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы ____________________________
_________________________________________________________________

      (меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/атауы және
ұйымдық-құқықтық нысаны)
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы _______________________
(тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)
БСН/ЖСН ________________________________________________________
Теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты: ____________________________
Меншікті хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі: _______________________
Ретрансляцияланатын хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі: _____________
____________________________ _____________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) атауы)
Ақпарат жүйелерінде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
Мөрдің орны (бар болған кезде) 20___ жылғы "____" ________
__________________________________________________________________
__________________________________ жүзеге асыруға лицензияны және
(немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште ______ (лицензияны қағаз
жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруіңізді сұраймын.

 

  "Отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою қайта есепке алу
куәлігінің телнұсқасын беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша
 
Нысаны
  ____________________________
(отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою туралы куәлікті
беретін органның толық атауы)

 

Өтініш

      Сізден _________________________________________________________ себебі бойынша
(себебін көрсету)
отандық теле-, радиоарна _________________________________________________________
(теле-, радиоарнаның атауы)
қайта есепке алуды жүзеге асыруды сұраймын.
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы
_______________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
________________________________________________________________________________
(бар болған жағдайда)/атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны меншік иесінің)
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы
________________________________________________________________________________
(тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)
БСН/ЖСН ______________________________________________________________________
Теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты: ___________________________________________
Меншікті хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі: ___________________________________
Ретрансляцияланатын хабар таратуының орташа тәуліктік көлемі: _______________________
Меншік иесінің ауысуын/меншік құқықтарды беруді растайтын құжаттардың деректері:
(құқықтар өтетін адамның құжатының деректері, құжатының нөмірі мен күні, ЖСН/БСН
және тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны
(меншік иесі ауысқан жағдайда толтырылады))
Р/с № құжаттың деректері
1.______________
2.______________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін
__________ 20 __ жылғы "____" __________
(қолы)
_________________________________ _____________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
атауы)
Мөрдің орны 20 __ жылғы "____" _________ (бар болған жағдайда)

 

  "Отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою қайта есепке алу
куәлігінің телнұсқасын беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша

 

      Нысан

 

  ____________________________
(отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою туралы куәлік
беретін органның толық атауы)

 

Өтініш

      Сізден ___________________________________________________________ байланысты
(себебін көрсету)
отандық теле-, радиоарна ______________________________________________________
(теле-, радиоарнаның атауы)
есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын беруіңізді сұраймын.
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы
_____________________________________________________________________________
(Меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/ атауы және ұйымдық-
құқықтық нысаны)
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы
_____________________________________________________________________________
(тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)
БСН/ЖСН
_____________________________________________________________________________
Өтінішке:
1._________________________
2._________________________ қоса беріледі.
_______________________________________ _____________________
(Өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) атауы) (қолы)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін
__________ 20 __ жылғы "____" __________
(қолы)
Мөрдің орны 20 __ жылғы "____" _________
(бар болған кезде)

 

  "Отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою, қайта есепке алу
куәлігінің телнұсқасын беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
4-қосымша

 

 

Жүктеу

"Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Ақпарат комитеті

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі - 10 (он) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік), куәліктің телнұсқасы не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 553-бабының 7-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымының мөлшерлемелері:
1) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік бергені үшін:
балалар және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарнаны құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін – алым төленген күні қолданыста болатын екі айлық есептік көрсеткішті;
өзге де тақырыптағы теле-, радиоарнаны құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін – алым төленген күні қолданыста болатын бес айлық есептік көрсеткішті;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін:
балалар және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарнаны құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін – алым төленген күні қолданыста болатын бір бүтін оннан алты айлық есептік көрсеткішті;
өзге де тақырыптағы теле-, радиоарнаны құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - алым төленген күні қолданыста болатыны төрт айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Теле-, радиоарнаны қайта есепке алу тегін жүзеге асырылады.
Ақы төлеу қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы ақы төлеуді "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады

7

Жұмыс кестесі

1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің www.​qogam.​gov.​kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) отандық теле-, радиоарнаны есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті (сұрау салуды), осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын ұсынады;
2) отандық теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті (сұрау салуды) ұсынады;
3) отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік қағаз нысанда ресімделсе) көрсетілетін қызметті алушы:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті (сұрау салуды) ұсынады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын сол атаумен және сол аумаққа таралатын не оның атауы бұрын құрылған теле-, радиоарнаның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәлікті беруі;
2) өтініштің мазмұны және мәліметтер нысаны осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алымның төленбеуі;
4) меншік иесінің ауысуына байланысты теле-, радиоарнаны қайта есепке алу туралы өтініште теле-, радиоарнаға меншік құқығын басқа адамға беру туралы шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;
5) есепке қоюға шығарылуын бұрын сот тоқтатқан теле-, радиоарнаның сол атуымен (атауының бір бөлігімен) және дәл сол тақырыптық бағытымен мәлімделген болса немесе атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын теле-, радиоарнаның мәлімделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған теле-, радиоарнаның меншік иесінің немесе бас редакторының (редакторының) соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде арыз беруі;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

 

 

  "Отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою, қайта есепке алу
куәлігінің телнұсқасын беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
5-қосымша

 

Мәліметтер нысаны

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің жеке кіретін есігі бар үй-жайларға және алаңға немесе оларды жалға алуға мүліктік құқықтары: (үй-жайлардың орналасқан жері және олардың сипаттамасы көрсетіледі) (алаң шаршы метрде, кадастрлық нөмірі, мүліктік құқықтың түрі, жалға алу шарттының деректері)

 

Жүктеу

Р/с №

Үй-жайдың типі

Мекенжайы

Сипаттамасы

1

Телерадио хабарларын таратудың жұмыс істеуіне қажетті техникалық құралдарды орналастыру және пайдалану үшін (студиялық, аппараттық, қосалқы)

   

2

Шығармашылық (редакциялық) персоналды орналастыру үшін

   

3

Теле-, радиоарнаның меншік иесіне тиесілі әкімшілік-басқару персоналы үшін

   

 

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/меншік иесінің атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны) трансляцияланатын және рестрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды таспаға басуға және алты ай бойы сақтауға міндеттенеді.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісемін
__________ 20__ жылғы "__" _________
(қолы)
_________________________________________________ __________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты/атауы) (қолы)
М.О. 20__ жылғы "___" ___________

      (мөр болған жағдайда)

 

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2020 жылғы 2 сәуірдегі
№ 101 Бұйрыққа
2-қосымша

 

"Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 21.01.2022 № 16 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2020 жылғы 2 сәуірдегі
№ 101 Бұйрыққа 1-қосымша

 

"Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 21.01.2022 № 16 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Дата публикации
03 августа 2022