2022 ЖЫЛДЫҢ 30 МАУСЫМЫНА БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ

2022 жылдың 30-ші маусымына аудан бюджетінің кіріс бөлігі жоспарланған 12 млрд. 073,1 млн. теңгенің орнына 13 млрд. 108,3 млн. теңгеге немесе 108,6%-ке орындалды, оның ішінде меншікті кірістер бойынша жоспардағы1 млрд. 352,9 млн. теңгенің орнына 2 млрд. 290,7 млн. теңге қамтамасыз етілді, артығымен 937,8 млн. теңге түсіп 169,3%-ке орындалды. 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда меншікті кірістер 32,1 млн. теңгеге азайды, өсу қарқыны 98,6%-ды құрады (2021 жылдың 1-ші жартыжылдықта заңды тұлғалардың мүлік салығы бойынша аванстық төлемдер түсуіне байланысты).

Аудан бюджетінің шығыс бөлігі жоспарланған 12 млрд. 269,0 млн. теңгенің орнына 12 млрд. 267,2 млн. теңгеге немесе 100,0%-ке игеріліп, игерілмеген қалдығы 1,8 млн. теңгені құрады (аудан мекемелер бойынша үнемделген қаражаттар).

Дата публикации
19 июля 2022