Қордай аудандық
референдум комиссиясының
| Дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу туралы |
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» № 2464 Конституциялық заңының 38 бабына сәйкес республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңіне негізінде, учаскелiк референдум комиссияларының дауыс беру уақытын өзгерту туралы ұсынысы бойынша Қордай аудандық аумақтық референдум комиссиясы ШЕШТІ:
Егер тізімге енгізілген сайлаушылардың барлығы дауыс беріп болса, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесі бекітілсін:
1) Керу ауылындағы № 221 учаскелік референдум комиссиясы;
2) Соғанды ауылындағы № 251 учаскелік референдум комиссиясы;
3) Көғадыр ауылындағы № 248 учаскелік референдум комиссиясы;
4) Шарбақты ауылындағы № 257 учаскелік референдум комиссиясы;
5) Мұзбель ауылындағы № 258 учаскелік референдум комиссиясы;
6) Көктөбе ауылындағы № 262 учаскелік референдум комиссиясы;
7) Бель ауылындағы № 264 учаскелік референдум комиссиясы;
8) Аңырақай ауылындағы № 265 учаскелік референдум комиссиясы.
Осы учаскелерде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.
Референдум комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев
Референдум комиссиясының хатшысы Г.Абишева
2022 жылғы 23 мамыр
(шешімнің қабылданған күні)