|
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министірлігінің «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» 2014 жылғы 30 қазандағы №7-1/559 бұйрығына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына және 37 бабының 8 тармағына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін ауру жануарларды өнімдермен шикізаттарды алып қоймай залалсыздырылатын және қайта өңделетін құнды жеке және заңды тұлғаларға қайтару тәртібі және орташа айлық құнын анықтау үшін арнайы комиссия төмендегі құрамда құрылсын:
|
Бақаев Жұлдызбек Төленұлы |
- |
Қордай ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы |
|
Садырбаев Бақдаулет Кенесбекұлы |
- |
Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары; |
|
Агабаева Алтынкул Чалгумбайқызы |
- |
Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор менгерушісі, комиссия хатшысы. |
|
Комиссия мүшелері: |
||
|
Жатқанбай Рамиль Дүйсеғұлұлы |
- |
Қордай аудандық мәслихат депутаты (келісім бойынша); |
|
Әден Ержан Мәмбетұлы
Күшікбаев Дархан Дүйсенбайұлы |
-
- |
Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы Қордай ауданындағы филиалының директоры (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Қордай аудандық аумақтық инспекциясының басшысы (келісім бойынша); |
|
Сабралы Ғалым Құлжабекұлы |
- |
«Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Қордай ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісім бойынша). |
Қордай ауданы әкімдігінің төмендегі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2021 жылғы 04 мамырдағы «Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін ауру жануарларды өнімдерімен шикізаттарды алып қоймай залалсыздандырлған және қайта өңделетін құнды жеке және заңды тұлғаларға қайтару тәртібін және орташа айлық құнын анықтау үшін арнайы комиссия құру туралы» №218 қаулысы;
2) 2021 жылғы 18 қазандағы «Қордай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 04 мамырдағы №218 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» №489 қаулысы;
3) 2021 жылғы 22 желтоқсандағы «Қордай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 04 мамырдағы №218 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» №571 қаулысы.
Комиссия құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітуіне белгіленген тәртіппен ұсынылсын.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
Ж. Бақаевқа жүктелсін.
Қордай ауданның әкімі М. Мусаев