Аудан әкімінің аудан тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі ісшаралар жоспары туралы

 

Аудан әкімінің аудан тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі ісшаралар жоспары туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аудан тұрғындарымен кездесулері барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру мақсатында, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса берілген аудан әкімінің аудан тұрғындары алдындағы кездесулері барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі ісшаралар жоспары бекітілсін (бұдан әрі – ісшара жоспары).

  2. Аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және уәкілетті органдар басшылары (келісім бойынша) ісшараның орындалуы бойынша ақпаратты әр тоқсан сайын тоқсаннан кейінгі айдың 1-не аудан әкімі аппаратына ұсынсын.

  3. Аудан әкімінің аппараты аудан әкімінің кездесулерінде халық көтерген проблемалық сұрақтардың орындалу барысы туралы ақпаратты тоқсан сайын тоқсаннан кейінгі айдың 10-на дейін аудан әкімінің ресми сайтына орналастырсын.

  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Нуралиевке жүктелсін.

 

Аудан әкімі                                                                                     М.Мусаев

Қордай ауданы әкімдігінің

2022 жылғы «____»  наурыздағы

№____ қаулысына қосымша

  

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесулері

барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі

ісшаралар жоспары

  

№

Іс-шаралар

(Көтерілген ұсыныстар мен ескертпелер бойынша)

Орындалуына

жауаптылар

Орындалу мерзімі

Орындалуы

Жол жөндеу, көше жарықтандыру және электр желісін тарту

 

Жамбыл ауылындағы Елизаров көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу

Жамбыл ауылдық округінің

әкімі

2022 жылдың шілде айы

 
 

Қаракемер ауылындағы Кенесары көшесіне электр желісін тарту    

Қаракемер ауылдық округінің әкімі

2022 жылдың тамыз айы

 
 

Қаракемер ауылындағы Ә.Нүсіпбаев көшесін орташа жөндеу

Қаракемер ауылдық округінің әкімі

2022 жылдың тамыз айы

 
 

Алға ауылындағы Алдаберген көшесінің 730 м орташа жөндеу

Алға ауылдық округінің

әкімі

2022 жылдың тамыз айы

 
 

Арал ауылындағы Б.Момышұлы көшесін орташа жөндеу

Степное ауылдық округінің

әкімі

2022 жылдың тамыз айы

 
 

Қажеттілігіне қарай Қордай ауылының ішкі көшелеріне ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу

Қордай ауылдық округінің

әкімі

2022 жылдың тамыз айы

 
 

Қайнар-Шу автожолын жөндеу және жарықтандыру

Аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

2022 жылдың қазан айы

 
 

«Қарасу – Масаншы – Сортөбе» республикалық мәндегі  автожолының Қарасу-Өтеген ауылдарының аралығын жөндеу

Аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

2022 жылдың қазан айы

 

Білім

 

Отар ауылындағы №41 ОМ күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

Облыс әкімдігінің білім басқармасының Қордай аудандық білім бөлімі

2022 жылдың тамыз айы

 
 

Степной ауылындағы №24 ОМ күрделі жөндеу

Облыс әкімдігінің білім басқармасының Қордай аудандық білім бөлімі

2022 жылдың тамыз айы

 
 

Қордай ауылындағы №1 МГ күрделі жөндеу

Облыс әкімдігінің білім басқармасының Қордай аудандық білім бөлімі

2022 жылдың тамыз айы

 

Денсаулық

 

Отар ауылдық ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

Аудандық орталық аурухана

2022 жылдың қыркүйек айы

 

Мәдениет

 

Сұлутөр ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеу

Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

2022 жылдың тамыз айы

 
 

Ауқатты ауылдық мәдениет үйінінің шатырын ауыстыру

Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

2022 жылдың тамыз айы

 
 

Аудандық мәдениет үйіне Өтеген батырдың атын беру

Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

2022 жылдың шілде айы

 
 

Бетқайнар ауылына мәдениет үйін салу

Сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімі

2022 жылдың желтоқсан айы

 

Спорт

 

Қызылсай ауылына шағын футбол алаңын салу

Ауқатты ауылдық округінің әкімі

2022 жылдың маусым айы

 
 

Кенен ауылындағы шағын футбол алаңына жасанды газон төсеу

Кенен ауылдық округінің

әкімі

2022 жылдың маусым айы

 
 

Сарыбастау ауылындағы балалар ойын алаңшасын қоршау

Ноғайбай ауылдық округінің

әкімі

2022 жылдың шілде айы

 
 

Бұлар батыр ауылына балалар ойын алаңшасын салу

Сортөбе ауылдық округінің әкімі

2022 жылдың шілде айы

 

Ауыз су мен суармалы су

 

Күнбатыс-1 ауылын тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету

Масаншы ауылдық округінің әкімі

2022 жылдың қараша айы

 
 

Сарыбұлақ және Қайнар ауылдарын суармалы сумен қамтамасыз ету мақсатында «Қақпатас» су қоймасынан қосымша су тастау

«ҚазСуШар»  РМК Қордай аудандық бөлімшесі

Сарыбұлақ ауылдық округінің

әкімі

2022 жылдың шілде-тамыз айлары

 

Санитарлық тазалық және абаттандыру

 

Қасық ауылдық округі бойынша санитарлық тазалықты сақтамаған, тұлғаларға заңға сәйкес шаралар қабылдау (қоқыс тастау, ауыл ішіне мал бордақылау т.б.)

Қасық ауылдық округінің

әкімі

2022 жылдың наурыз-мамыр айлары

 
 

Қордай ауылында санитарлық тазалық, газ құбырларын сырлау және  абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу

Қордай ауылдық округінің

әкімі

2022 жылдың наурыз-мамыр айлары

 
 

Бетқайнар ауылына арнайы күл-қоқыс тастайын орынды белгілеп, құжаттарын заңдастыру

Бетқайнар ауылдық округінің

әкімі

2022 жылдың маусым айы

 
 

Үлкен-Сұлутөр ауылындағы бейіт ауласын қоршау

Үлкен-Сұлутөр ауылдық округінің әкімі

2022 жылдың шілде айы

 
 

Сұлутөр ауылындағы бейіт ауласын қоршау

Сұлутөр ауылдық округінің әкімі

2022 жылдың шілде айы

 

 

Басқалар

 

Қақпатас ауылдық учаскелік полиция инспекторына қызметтік тұрғын салу

Аудан әкімдігінің сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімі

2022 жылдың қараша айы

 
 

Қарасай ауылдық округіндегі «Ақжал» каналын заңдастыру

Қарасай ауылдық округінің әкімі

2022 жылдың маусым айы

 

 

 

Аудан әкімінің аудан тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі ісшаралар жоспары туралы
Дата публикации
25 марта 2022