Аудан әкімі М.Мусаевтың 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есептен тезисы

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп кәсіпорындары 21464,5 млн. теңгеге (2020 жылы – 18319,6 млн. теңге) өнім өндірді немесе нақты көлем индексі 102,6% құрады. Жалпы аудан бойынша 1 орта кәсіпорын «Ақтас» ЖШС және 26 шағын кәсіпорындар бар. «Ақтас» ЖШС 2125,4 млн. теңгеге және шағын кәсіпорындар 19339,1 млн. теңгеге өнім шығару болжамда. Оның ішінде үлкен үлес қосып отырған өнеркәсіп кәсіпорындар:

«Ветро Инвест» ЖШС-гі 3608,2 млн. теңгеге 106658,0 мың кВт. электр энергия өндіріп, өткен жылмен 103,3 пайыз;

«Виста Интернейшнал» ЖШС-гі 2530,7 млн. теңгеге 74807,0 мың кВт. электр энергия өндіріп, өткен жылмен 104,2 пайыз;

«Первомайские деликатесы» ЖШС-гі 385,0 млн. теңгеге 245 тонна ет өндіріп, өткен жылмен 133,3 пайызды құрады.

 

АуылшаруашылыҒы саласы

Ауданда Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2022 жылдың 1 қаңтарына ауданның  ауыл шаруашылығы саласының  көрсеткіштері:

Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 71945,8 млн.теңгені (2020 жыл – 68465,7 млн. теңге) немесе нақты көлем индексі 101,4%-ды құрады, оның ішінде:

- өсімдік шаруашылығы өнімі – 43700,0 млн. теңге (2020 жыл – 40353,7 млн. теңге) немесе нақты көлем индексі 103,0%-ды,

- мал шаруашылығы өнімі – 28245,8 млн. теңге (2020 жыл – 28112,0 млн. теңге), нақты көлем индексі 105,0% құрады.

Егін шаруашылығы: Қордай ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 609175 га, оның ішінде: көп жылдық екпелер - 684,0 га, шабындық жерлер - 9103 га, жайылымдық жерлер - 455101 га, басқа жерлер - 8265 га, егістік жерлер - 139444 га, оның ішінде: елді мекендер жерлері - 3559 га.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасымен және егіс алқаптарының құрылымын әр-тараптандыру мақсатында 2021 жылы 134610 га жерге дақылдарды орналастыру жоспарланған. Нақты орындалғаны: күздік бидай 25000 га, фасоль 100 га, жаздық арпа 45300 га, дәндік жүгері 8000 га, картоп 3750 га, қант қызылшасы 300 га, көкөніс 7200 га, бақша дақылдары 800 га, таңқурай - 20 га, майлы дақылдар  1800  га,  азықтық дақылдар көлемі 42340 га  және пар 4771 га.

2021 жылы  белгіленген 66480 га масақты дақылдары толығымен орылып, 78374 тонна астық бастырылды. Аудан бойынша масақты дақылдардың орташа өнімділігі 12,1 центнерден айналды. Оның ішінде: күздік бидай 22828 га, алынған өнім 26596 тн, орташа өнімділігі 12,1 ц/га, жаздық арпа 43652 га, алынған өнім 51778 тн, орташа өнімділігі 12,1 ц/га,   картоп 3836 га,  алынған өнім 85926 тн, орташа өнімділігі 224 ц/га, көкөніс 5979 га, алынған өнім 158461 тн,  орташа өнімділігі 265 ц/га, бақша 700 га, алынған өнім 21000 тн,  орташа өнімділігі 300 ц/га және дәндік жүгері  8664 га, алынған өнім 64980 тн, орташа өнімділігі 75 ц/га айналды.

Мал шаруашылығы: Аудан бойынша 2022 жылдың 1 қаңтарына МІҚ 87902 бас,  жылқы –18690 бас, қой  – 450898 бас, ешкі 14108 бас және құстар – 127045 басты құрады.

Өндірілген ет көлемі (тірі салмақта) – 21371,7 тн. немесе (92,1%), сүт - 65761,6 тн. немесе (100,5%) және жұмыртқа - 20280,3 мың дана немесе (99,9%). 2021 жылы – 269,9 тонна сиыр еті  және 141,1 тн. қозы еті экспортталды.

2021 жылдың қорытындысы бойынша ауданда 30 жоба іске асырылып, 3839,0 млн. теңгеге инвестиция тартылды, оның ішінде:

- Мал қора салу 12 жоба -1781,0 млн теңге;

- Көкөніс қоймалары 1 жоба – 259,0 млн теңге;

- Су үнемдеу технологиясы  (тамшылатып сұғару, жанбырлатқыш әдісімен)  15 жоба – 320,8 млн теңге;

- Мал сою пункті 2 жоба – 350,8 млн теңге;

- 203 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын алу – 1308,2 млн теңге (өз қаражаттарына  182  дана техниканы шаруашылықтар 888,2 млн теңгеге алса, 420,0 млн. теңгеге 21 техника лизингіге алынды).

Жалпы аудан бойынша 2169 тіркелген шаруа қожалықтын 2109-зы белсенді.

Жаңа технологияны пайдаланып су үнемдеу және өнім көлемін арттыруға қол жеткізу мақсатында тамшылатып суғару әдісімен суғару көлемі жылдан жылға артып келеді. 2021 жылы - 12830 га жерге тамшылатып суғару технологиясын қолдану әдісімен суғарылуда.

 

Негізгі капиталға салынған инвестиция

 

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 45284,1 млн. теңгені (2020 жыл – 43375,7 млн.тг), немесе нақты көлем индексі 101,6 пайызды құрады. Инвестицияның 18396,8 млн. теңгесі (40,6%) мемлекеттік бюджет есебінен, 26887,3 млн. теңге (59,4%) жеке сектор субъектілерінің меншікті қаражаты есебінен.

«Индустриалды-инновациялық даму» бағдар-ламасы аясында ауданда жалпы құны 854 млрд. 992 млн. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Жобаларды іске асыру барысында құрылыс жұмыстары кезеңінде 805 және іске қосылу кезеңінде 1227 жаңа жұмыс орын ашылуы жоспарлануда.

1)    «MONTERRO QASAQSTAN» (МОНТЕРРО КАЗАХСТАН) ЖШС-і - тау-кен металлургиялық комбинатының құрылысы және құрамында алтыны бар кенді игеру. Іске асыру мерзімі 2014-2026 жылдар, жоба құны 832,0 млрд. теңге, қуаттылығы - жылына 5100 кг алтын өндіру. Қазіргі таңда геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде, 2021 жылы компания тарапынан 4,3 млрд. теңге инвестиция тартылды.

2) «KORDAY  FISH» ЖШС-нің Қордай ауданында форельді қоса алғанда,  балық өнімдерін өндіру және консервілеу цехі, жоба құны 300,0 млн. теңге құрайтын, Қордай ауданында жылына 500 тонна қуаттылығымен балық өнімдерін өндіру, іске асыру мерзімі 2020-2021 жылдар, 12 жұмыс орын ашылды. Қазіргі таңда, жұмысшыларға кіші әкімшілік ғимарат салынып, қондырғы, диаметрі 219 мм. тереңдігі 50 метр екі су құбыры орнатылды, 100 кВт. трансфарматор орнатылуда және дренажды арна қазылған.

3) «Алатау Қордай» ЖШС-і – «Қырғау» алтын кен орнында 75 пайыздық алтын-күміс концентратын шығаратын кіші-зауыт салу. Іске асыру мерзімі 2015-2023 жылдар, жоба құны - 1692,2 млн. теңге, қуаттылығы - жылына 1500 кг. концентрат өндіру. Қазіргі таңда компания тарапынан шетелден инвестор тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік қолдауы: 28,6 га жер бөлініп берілді, тікелей келісім сөздер арқылы «Қырғау» алтын кенін барлау жұмыстарын жүргізу үшін контрактқа отырды.

4) «Шокпар-Гагаринское» ЖШС-нің «Гагаринское» кен орнында тау-кен байыту комбинатының құрылысы, жоба құны 21,0 млрд. теңге қуаттылығы жылына 1000 кг. алтын өндіру, іске асыру мерзімі 2021-2024 жылдар, іске асыру кезінде 400 жұмыс орны ашылу жоспарлануда.              

 

Кәсіпкерлік саласын несиелендіру

бойынша

 

2021 жылы түрлі бағдарламалар арқылы  жалпы 11862,1 млн. теңгеге несие берілді. Оның ішінде:

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында жалпы соммасы 6449,2  млн.теңгеге 64 жоба қолдау алды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында       12,0 млн. теңгеге 2 жоба несиелендірілді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған ауылдық елді мекендерде микрокредиттер беру арқылы кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға  2021 жылы 107 адам 464,8 млн.теңгеге қолдау алды. «Ауыл шаруашылық қолдау қоры» арқылы 8 азамат 33,5 млн.теңгеге шағын несие алды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алу  бойынша 460 азаматқа жалпы соммасы 268,4 млн.теңгеге қайтарымсыз грант берілді.

«КМФ» ЖШС-і арқылы  3798,6 млн. теңгеге 4390 азаматқа несие берілді.

«Қордай» Несие серіктестігі» ЖШС-і арқылы 835,6 млн.теңгеге 68 шаруа қожалыққа несие берілді.

 

Сауда айналымы

 

Бөлшек тауар айналымының көлемі 28586,5 млн. теңгені (2020 жылы – 26395,8 млн. теңге) немесе нақты көлем индексі 100,5% құрады. Көрсеткіш «Элемир», «Арба Ат», «Авагард Ко», «Коммон Маркет», «Газпром Нефть Қазақстан» ЖШС-терінің тауар айналымы көлемдерінің ұлғаюы есебінен орындалды

Әлеуметтік қорғау

 

Қордай ауданы бойынша 638 отбасыға немесе 3268 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 196,6 млн. теңге әлеуметтік жәрдемақы төленді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 154 азамат қамтылды. Атап айтқанда, 51 адам тұрақты жұмыс орындарына, 62 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 5 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 3 адам қысқа мерзімді оқуға жолданса, 33 азамат қайтарымсыз мемлекеттік грантпен қамтылды.

2021 жылы аудан бойынша тұрғын үй көмегіне 1008,0  мың теңге қарастырылып, 37 отбасы немесе 162 адамға  жылыту науқанына қаржылай көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайға тап болған және әлеуметтік мәні бар аурумен ауыратын 108 азамат жалпы сомасы 18,5 млн. теңгені құрайтын бір жолғы және мерзімдік әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша ресми түрде жұмыссыздар есебінде 977 адам тіркелген, 5546 азамат қайырылып, әлеуметтік қорғау шараларымен 6477 адам қамтылды (931 азамат 2020 жылдан өтпелі).

 «Еңбек» бағдарламасы аясында 2021 жылға  аудан бойынша 1 577,7 млн. теңге бөлінді, қаралған қаражат толығымен игерілді.

2021 жылдың қорытындысымен аудан бойынша жалпы мүгедектердің саны  3620  адамды құрады, оның ішінде І топтағы мүгедектердің саны - 310 адам, ІІ  топтағы мүгедектердің саны - 1363 адам, ІІІ топтағы мүгедектердің саны - 1241 және 16 жасқа дейінгі балалар мүгедектердің саны  - 706  адам.

Мүгедек балалардың ішінде 18 жасқа дейінгі жүріп-тұруы қиын 82 мүгедек бала және жүйке ауытқуы бар 18 жасқа дейінгі 49 мүгедек бала тіркелген.

Сонымен қатар,  Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларының саны 3 адамды құрады.

 2021 жылы аудан бойынша мүгедектерді оңалту іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында бюджеттен жалпы сомасы 219,0 млн. теңге қаражат қаралып,  толығымен игерілді.

 

Білім беру саласы

 

Аудан бойынша күндізгі білім беретін 48 мемлекеттік мектепте (оның ішінде: 1 – бастауыш, 8 - негізгі, 39 - орта) 31045 оқушы және 12 бастауыш жекеменшік мектепте 932 оқушы білім алады. Барлығы 32338 оқушы. Аталған мектептердің 25-і мемлекеттік тілде, 2-і ресми тілде, 34-і мемлекеттік және ресми тілде жұмыс жасайды.

Еліміздегі індетке байланысты 2021-2022 оқу жылының І-ІІ тоқсаны  төмендегідей ұйымдастырылды:

Педагог қызметкерлерге тоқталсақ, жаңа оқу жылынан бастап аудан мектептерінде 2930 (2020-2021 оқу жылында - 2743 педагог) педагог  жұмыс істейді. Оның ішінде: жоғары санаттағы - 66, бірінші - 176, екінші - 271, педагог-модератор - 520 (2020 ж - 408), педагог-сарапшы - 705 (2020 ж - 735), педагог-зерттеуші - 337 (2020 ж - 339), педагог-шебер - 24 (2020 ж - 18). Қазіргі таңда жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 2442 мұғалім, І деңгей 80 мұғалім, ІІ деңгей 81 мұғалім, ІІІ деңгей 148 мұғалім, мектеп тренерлері 60 мұғалім, мектеп үйлестірушісі 32 мұғалім, зерттеу бойынша тренерлер 16 мұғалім, КББ тапсырмаларды құрастырушы 119 мұғалім, қашықтықтан оқыту бойынша 1871 мұғалім, цифрлық сауаттылық бойынша 2764 мұғалім. Сонымен қатар, үш тілде оқытуды енгізуге байланысты жаратылыстану пәндері бойынша ағылшын тіліндегі курстарды 54 мұғалім өтіп, жұмыс атқаруда. Аудан мектептерінде барлығы 706 педагог  қайта даярлау курстарынан өтті.

Қордай ауданы бойынша 67 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс жасайды. Оның ішінде 20 мемлекеттік  балабақшада 2730 бала, 42 жекеменшік балабақшада  4630 бала, ал 5 шағын орталықта 337, яғни барлығы 7697 бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, 1-6 жас аралығында – 97,7%, 3-6 жас аралығында – 100% қамтылды. 

2021 жылы Масаншы ауылындағы 600 орындық №50 орта мектебі және Күнбатыс-2 ауылындағы 150 орындық №11 негізгі мектебі және Қалғұты ауылындағы 180 орындық  мектебі пайдалануға берілді.

Одан бөлек, 2021 жылдың сәуірінде басталған Арал ауылында 180 орындық орта мектептің  құрылысы жүргізілуде.

Ауданымыздың орталығында орналасқан 8 мектепке (№1МГ, 2 ОМ, 3 ОМ, 4МЛ, 5 ОМ, 6НМ, 47ОМ, 51ОМ) 1 млн. 40 мың теңгеге дабыл түймелері орнатылды.

Жаңа технологияларды қолдану, ІТ саласын дамыту мақсатында 274,0 млн. теңгеге 33 жаңа модификациялық физика, химия, биология кабинеттері алынды. 

Өткен жылы аудандағы 4 мектепте, яғни, №28 Беріктас, №30 Қақпатас, №31 Сарыбұлақ және №32 Қайнар ауылдарындағы мектептерге 90,5 млн. теңгеге қазандықтары қатты отыннан табиғи газға ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Мектептерде ұйымдастырылған 352 спорт секцияларына 15840 оқушы және 4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі 48 спорттық үйірмелерде 1210 бала спорт секцияларына қатысты.

Ауданда аз қамтылған, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 5427 оқушыға мектеп формасын, оқуға арналған құрал-жабдықтар алуға облыстық және республикалық бюджеттен  176,4 млн. теңге бөлініп, 1 балаға – 32500 теңгеден ата-аналарының дербес шоттарына  аударылды және осы балалар мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылуда. Одан бөлек, «Мектепке жол» акциясы аясында 800 балаға қаржылай көмек көрсетілді.

2021 жылы аудан бойынша 11 сыныпты 1413 оқушы аяқтады. Жалпы ҰБТ 631 оқушы тапсырды. Нәтижесінде ҰБТ қорытындысы -  74,4 баллды құрады. Бекітілген шекті 50 баллдан жоғары балл жинаған оқушылар саны – 462 немесе ҰБТ-ға қатысқандардың 73,2% (2020 жылы 339 - 68,9%).

 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы

 

2021 жылы 80 жас маман 23336,0  мың теңге көтерме жәрдем ақыларын алды. Оның ішінде: білім беру саласы - 51 маман, денсаулық сақтау саласы - 19 маман, мәдениет саласы - 2 маман, спорт саласы - 7 маман, ауыл шаруашылығы саласы - 1 маман. Тұрғын үй сатып алуға 65633,0  мың теңгеге 20  азамат несие алды. Оның ішінде: білім беру саласы - 14 маман, денсаулық сақтау саласы - 5 маман, мәдениет саласы - 1 маман.

 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

 

Аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қадағалау мақстаныда 2021 жылы Қордай ауданы аумағында жалпы 384 қылмыс (2020 жылы 567 қылмыс) тіркеліп, ашылуы 69,9 (2020 жылы 53,3) пайызды құрады, яғни 2020 жылмен салыстырғанда қылмыс - 32,3 пайызға төмендеген.

Аудан аумағындағы автожолдардағы жол-көлік оқиғаларының саны – 75,9% - ға (83-тен 146-ға дейін) артты, оның ішінде қайтыс болғандар саны 25,9% (27-ден 34-ке дейін) және әр түрлі дене жарақаттарын алғандар саны – 122,4% өскен (116-дан 258-ге дейін).

 

БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ

 

2021 жылдың 31 желтоқсанына аудан бюджетінің кіріс бөлігі жоспарланған 27450,2 млн. теңгенің орнына 27491,3 млн. теңгеге немесе 100,1%-ға орындалды, оның ішінде меншікті кірістер жоспардағы 4442,2 млн. теңгенің орнына 4483,3 млн. теңге қамтамасыз етілді, артығымен 41,1 млн. теңге түсіп 100,9%-ға орындалды. 2020 жылмен салыстырғанда меншікті кірістер 1047,9 млн. теңгеге ұлғайды, өсу қарқыны 130,5%-ды құрады.

Аудан бюджетінің шығыс бөлігі жоспарланған 28036,2 млн. теңгенің орнына 27906,5 млн. теңге немесе 99,5%-ға игерілді.

 

ҚҰРЫЛЫС

 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 28337,1 млн.теңгені (2020 жыл – 24579,3 млн.тг), нақты көлем индексі 112,8%-ды құрады.   

2021 жылы іске қосылған нысандар:

- Қордай ауылы «Батыс» шағын ауданында 60 пәтерлі тұрғын үй және Қордай ауданы Гвардейский қтк БҚПҒЗИ қызметкерлеріне 60 пәтерлі 3 тұрғын үй (3045,8 млн.тг);

-  6 инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылым жүйесінің құрылысы аяқталды («Шығыс-Солтүстік» ықшам ауданы тұрғын үй құрылысы алқабының инжинерлік инфрақұрылымын (су қабылдығыш) салу, «Батыс» ықшам ауданының 50 пәтерлі тұрғын үйіне инжинерлік инфрақұрылым салу, «Батыс» ықшам ауданындағы №1,№2 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйлерге инжинерлік инфрақұрылым салу,  Гвардейск кентінде магистралды газ құбырын тарату және тұрғын үйлерді, спорттық-сауықтыру кешенін жылумен қамтамасыз ететін блокты – модулді қазандық құрылысы, Кенен ауылы аумағындағы инжинерлік инфрақұрылымымен жылыжай кешендерін электр желісімен қамтамасыз ету, Қордай ауданындағы «GreenWill» ЖШС жылыжай кешенін «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-нің электр желілеріне қосуға арналған жобасы) (647,4 млн теңге);

- 2 мәдениет үйлердін құрылысы (Отар, Жамбыл) аяқталып пайдалунуға берілді (448,2 млн.тг);

- 1 спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды (Гвардейск қалашығы)  (413,2 млн.тг).

2022 жылға өтпелі құрылыс нысандары:

- 6 үйдің құрылысы өтпелі (Қордай) (1319,1 млн.тг);

- Қордай ауылы «Батыс» ықшам ауданында ВЛ-35 кВ шағын электрмен жабдықтаудың инжинерлік инфрақұрылымның құрылысы ( 912,5 млн.тг);

- Жібек жолы көшесіндегі №1,№2 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйлерге инжинерлік инфрақұрылым салу (112,0 млн.тг);

- 3 спорттық-сауықтыру кешендерінің құрылысы (Сарыбұлақ, Қарасу, Қарасай батыр ауылдарда) (636,2 млн.тг).

14 жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өтуге 102,7 млн.теңге бөлінді.

11 ауылға 15,5 млн.теңгеге егжей-тегжейлі жоспарлар әзірленуде.

Аз қамтылған отбасыларға тұрғын үйлерді сатып алуға 435,2 млн. теңге бөлініп, Қордай (9) және Сортөбе (7) ауылдарында 1 қабатты 2 пәтерлі 16 тұрғын үйлер, яғни 32 пәтер сатып алынды.

 

Газбен жабдықтау

 

2020 жылдың тамыз айынан бастап 22 елді мекенде (Қарасу, Өтеген, Масаншы, Қаракемер, Сортөбе, Бұлар батыр, Ауқатты, Қызылсай, Күнбатыс-1, Күнбатыс-2, Отар, Гвардейский, Кенен, Үлкен Сұлутөр, Сұлутөр, Көктөбе, Алға, Көгадыр, Соғанды, Мұзбел, Аңырақай, Бел) тұрғындарды газға қосу  жұмыстары жүргізілуде. Аз қамтылған отбасылар үшін жеңілдетілген бағамен газға қосу мүмкіндігі де қарастырылған (100 мың теңге бастапқы, қалған 250 мың теңгені  1 жыл ішінде 25 мың теңгеден).

2021 жылы Керу, Қарасай, Еңбек (2,2 млрд. тг), Ноғайбай, Сарыбастау, Шарбақты (830,4 млн. тг) елді мекендерін газдандыру жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамасы алынды.

 

Ауыз сумен қамтамасыз ету

 

Қордай ауданы бойынша 32 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген немесе 78% құрайды. 2021 жылы Қарасай ауылының су құбыры желілерін жөндеуге 44,0 млн.теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды.

 

Автомобиль жолдары

 

 «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2021 жылы аудандық маңызы бар 2 жол жөнделді («Қордай ауылына кіреберіс» 0-2,1 шқ», «Сортөбе-Аухатты-Қызылсай» - 13,25-15,15 шқ).

Аудандық маңызы бар «Қаракемер-Қарасай батыр-Еңбек» 28,5 - 37,57 шқ және «Ноғайбай ауылына кіреберіс» автомобиль жолдарының 0-11 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары 2022 жылға өтпелі.

«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы құны 251,6 млн.теңге құрайтын Кенен ауылындағы  8 көшені орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. (Байниязов-1,3 шқ, Белашов-1,4 шқ, Абай-1,3 шқ, Әзірбаев-1,2 шқ, Қордай-1,3 шқ, Мажирин-1,1 шқ, Несіпбаев-1,2 шқ, Сейітов-1,3 шқ).

Сонымен қатар, 5 аудандық жол жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамасы алынды, олар:

- «Ноғайбай ауылына кіреберіс» аудандық маңызы бар автомобиль жолы 0-11 шақырымына орташа жөндеу» сметалық құны – 324,3 млн. теңге;

- «Күнбатыс-1 ауылына кіреберіс» аудандық маңызы бар автомобиль жолы 0-1,9 шақырымына орташа жөндеу» сметалық құны- 55,6 млн.теңге;

- «Күнбатыс-2 ауылына кіреберіс» аудандық маңызы бар автомобиль жолы 0-1,9 шақырымына орташа жөндеу» сметалық құны- 53,5 млн.теңге;

- «Арал ауылына кіреберіс» аудандық маңызы бар автомобиль жолы 0-2,8 шақырымына орташа жөндеу» сметалық құны- 81,3 млн.теңге;

- «Қаракемер-Керу» аудандық маңызы бар автомобиль жолы 0-9 шақырымына орташа жөндеу» сметалық құны – 279,3 млн.теңге.

 

Тұрғын үй

 

2021 жылдың қорытындысымен пайдалануға берілген тұрғын үйлердің 63,8 мың шаршы метр (2020 жылы – 49,5 мың ш.м.) енгізіліп, нақты көлем индексі 128,8% құрады.

Қордай ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде 2175 азамат кезекте тіркелген.

2021 жылы Қордай ауылында «Батыс» ықшам ауданында 2 көп қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй және  Қордай ауылы Жібек жолы көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйлерден жалпы 180 пәтер кезекте тұрған азаматтарға берілді.

Сонымен қатар, ауданда  «Асарлатып үй салу» жобасы іске асырылып, 2021 жылы асар әдісімен тұрғын үйге мұқтаж 15 отбасыға тұрғын үйлер табыс-талды.  

Аудан көлемінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте 14540 азамат тіркелген. Қордай ауылы бойынша 6878 кезекте тұрған азаматтарға «Солтүстік» және «Шығыс» алқаптарынан тұрғын үй салу үшін 2203 жер телімдері табысталуда.

 

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ

 

Ауданда барлығы 59 мәдени ошақтары халыққа қызмет көрсетеді. 2021 жылы барлығы 712 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, 56913 көрермен қамтылды. Мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға аудан бюджетінен 515,5 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар, 2,2 млн.теңгеге Әлжан ана ауылдық мәдениет үйінің қазандығы,  2,5 млн. теңгеге Цемзавод мәдениет үйінің қазандығы,  320,0 мың теңгеге аудандық мәдениет үйіне қарасты өлкетану музейінің қазандығы ауыстырылды және 713,0 мың теңгеге Қаракемер мәдениет үйінің  қазандығына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 Сондай-ақ, өткен жылы Жамбыл ауылында 90 орындық және Отар ауылында 180 орындық мәдениет үйлерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

 

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ

 

Ауданымызда спорт нысандары қатарының көбеюінің нәтижесінде бүгінде жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын, барлық  жастағы тұрғындардың саны 51215 адамға немесе 35 пайызға жетті.

Ауданда жыл басынан жоспарға сай 260  спорттық іс-шара өткізіліп, 19983 адам қатысты.

2021 жылы Гвардейск қалашығындағы 120 орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешінінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, Сарыбұлақ ауылында басталған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы ақпан айында аяқталып, ақпан айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Демеушілер көмегімен 12,0 млн. теңгеге  Қордай ауылында Жібек жолы көшесінің бойында кіші  футбол алаңшасының құрылысы аяқталып, қолданысқа берілсе, 30,0 млн. теңгеге демеушілер көмегімен Қордай ауылында күрес залының құрылысы жүргізілуде. 

 «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Қарасу және Қарасай ауылдарында спорт кешендерінің құрылыстары жүргізілуде.

 

ДІН САЛАСЫ

 

Қордай ауданы бойынша 70 діни бірлестіктер мен филиалдар жұмыс атқаруда. Оның 64-і Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мешіттері,     1-уі орыс-православ шіркеуі, 5-і протестанттық шіркеулер.

Ауданның барлық мешіттерінде діни ахуалды тұрақты бақылау мақсатында видеобақылау камералары орнатылып, видеожазбалар жүргізілуде.

Жалпы, мешітке келушілердің 20%-ы қарттар, 35%-ы ересектер, 45%-ы жастар болып табылады.

Ауданда барлығы 8 намазхана жұмыс жасайды, мешіттердегі діни қызметкерлердің саны – 96, оның ішінде имамдардың саны – 62. 

Масаншы ауылында «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығында 54 шәкірт білім (оның ішінде 1 курста 19, 2 курста 20, 3 курста 15 студент) алуда.

Аудан, ауыл әкімдіктері жанынан арнайы дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтары тарапынан 83 іс-шара ұйымдастырылып, 2604 адам қамтылды. Ал онлайн форматта 13 іс-шара өткізіліп,  520 адам қамтылды.

Аудан бойынша 13 ауылдық округте орналасқан 18 мешітте имамдарға неке қиюға рұқсат берілген. Өткен жылы аталған мешіттерде 47 неке қиылды. 

Аудандағы деструктивті діни ағымдағы азаматтарды қоғамға бейімдеу, оңалту және аудан тұрғындары арасында діни сауаттылықты арттыру, дін туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, қазақтың дәстүрлі діні мен мәдениетін және салт дәстүрін насихаттауға аудандағы дін саласындағы ақпараттық түсіндіру топ мүшелерінің сауаттылығын арттыру мақсатында «Тұрғындар мен жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, діни эсктремизм мен терроримзның алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбында 714 мың  285 теңгеге мемлекеттік тапсырыс аясында 1 жоба іске асырылды.

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, діни алауыздықты немесе араздықты тудыруға, терроризм мен экстремизм идеяларын насихаттауға қарсы әлеуметтік желілерде, интернет парақшаларда деструктивті ағымдардың иделогиялық әдістері мен тәсілдерін әшкерелеуге бағытталған терроризм мен экстремизм идеяларының қаупін түсіндіру мақсатында аптасына екі рет контр насихат жұмыстары өткізіліп, 180-ге жуық күдікті сайт анықталды.

Сондай ақ, «WhatsApp» әлеуметтік желісінде патриотизмді жоғарылатуға және діни экстремизм мен терроризмге қарсы 135 материал жарық көрді.

Аудандық «Қордай шамшырағы» саяси газетінің беттерінде ай сайын мемлекеттің дін саласындағы саясатын насихаттау, конфессияаралық келісімді нығайту, дәстүрлі емес діни идеологиялардың көріністерін әшкерелеу бағыттарында ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттық сүйемелдеу бойынша өткен жылы дін тақырыбында 140 мақала жарық көрді.

 

ЖАСТАР САЯСАТЫ

 

Қордай ауданы бойынша  30102  жас бар. Жалпы аудан халқының 3,1 пайызын құрайды.

Жергілікті бюджет есебінен жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында барлығы 70619,0 мың теңге қаражат бөлінді, оның ішінде:

Жастар ресурстық орталығының қызметін қамтамасыз етуге 63269,0 мың теңге;

Аудандық деңгейдегі іс-шаралар өткізуге 4500,0 мың теңге;

«Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 3318,0 мың теңге қаржы қарастырылып, мамыр – тамыз айларында 70 жас (NEET санатына жататын, пробация есебінде тұрған, жұмыссыз және студент  жастары) абаттандыру жұмыстарына тартылды.

Ауданымызда 4 колледж орналасқан (2 мемлекеттік, 2 жеке меншік), техникалық және кәсіби орта арнаулы оқу орындарында 1831 жас білім алуда.

Ауданда АХАТ бөлімінде  - 856 жас некеге тұрса, неке бұзғандар саны – 27. Жұмыссыз ретінде тіркелген жас азаматттардың саны 251 (оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқан жастардың саны 1616, қоғамдық жұмысқа жіберілген жастардың саны 287, мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасқандардың саны 508, «Жастар тәжірибесі» жіберілгендер саны  146, тұрақты жұмысқа орналасқан жастар саны 94). Жыл басынан «Жастар ресурстық орталығы» мен жұмыспен қамту орталығымен бірлесе жұмыссыз жастарға 5 бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, 850 - ге жуық жастар қамтылды. Оның ішінде (8 NEET санатындағы, 4 пробация есебінде тұрған жастарда аталған жәрмеңкеге қатысып, тұрақты жұмыспен қамтылды).

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 8 аула клубы жұмыс істеуде. Олар Қордай, Кенен, Бетқайнар, Масаншы, Сұлутөр, Қарасай, Степной, Қайнар ауылдық округтерінде орналасқан. Аула клубтарының жетекшілері «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары болып табылады. Аула клуб тұрақты түрде жұмыс жасауда. Аула клубтарында 2800 жас тұрақты түрде түрлі үйірмелерге қатысуда (шахмат, дойбы, үстел теннисі үйірмелері).

Қордай ауданы бойынша NEET санатындағы жастар саны – 112.

Кеңес беру қызметі жастарға қоғамдық өмірге бейімделуіне, мемлекеттік бағдарламалармен хабардар етуге, олардың жұмыспен қамтылуына ықпал етуге, іс-шаралар ұйымдастыруға, құқықтық сауаттылықтарын арттыруға және ақпараттандыруға бағытталған. Аталған қызметтер бойынша «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан 6000 жасқа кеңес берілді.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

 

2021 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 73 жас-ты, ал жалпы өлім-жітім коэффициенті 1000 адамға есептегенде 6,4%-ды құрады.

Ағымды жылдың қаңтар-қараша айларында ана өлімі тіркелген жоқ (2020 ж – 0), ал нәресте өлімі 17 жағдайды немесе 4,7 промильды (2020 ж. – 4,9 промиль немесе 17 жағдай) құрады.

Аудандық денсаулық сақтау жүйесінің материалдық техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 11,8 млн. теңге  бөлінді. (Оттегі терапиясына арналған «жоғары ағынды жылытылатын тыныс ылғалдандырғыш» – 2 бірлік, жаңа туған нәрестелердегі билирубин деңгейін өлшеуге арналған» Транскутанды билирубинометр «– 1 бірлік,  бактерицидті сәулелендіргіш рециркулятор-2 дана, апта таблеткаларына арналған контейнер-10 дана, жанаспайтын инфрақызыл термометр - 5 дана, автомобильдік медициналық копрессорлық тоңазытқыш-4 дана, мұздатқыш-3 дана, оттегі концентраторы-QZ-01TWO - 3 дана, остеосинтез-1 дана, концентраторға арналған компрессор - 7 дана, ұзын құбырлы сүйектердің сынықтарын өзекшелі сыртқы бекіту аппараты - 1 дана, сандық пульсоксиметр - 30 дана)

2021 жылы республикалық бюджеттен скрингктік зерттеулерге 73,8 млн. теңге бөлінді. Скринингтік тексерумен 105049 адам қамтылды. Оның ішінен 5002 ауру адам анықталып, барлық адамдар сауықтырылды.

Аудандық орталық ауруханаға 12 жас маман қабылданды (акушер-гинеколог дәрігері – 1, хирург  дәрігері – 1, ЖТД – 5, травматолог-ортопед дәрігері -1, инфекционист дәрігері – 1, педиатр дәрігері    - 1, эндокринолог дәрігері  - 1, ревматолог дәрігері  - 1).

 

 

Аудан әкімі М.Мусаевтың 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есептен тезисы
Дата публикации
19 февраля 2022