2021 жылдың 31 желтоқсанына аудан бюджетінің кіріс бөлігі жоспарланған 27 млрд. 450,2 млн. теңгенің орнына 27 млрд. 491,3 млн. теңгеге немесе 100,1%-ға орындалды, оның ішінде меншікті кірістер бойынша жоспардағы 4 млрд. 442,2 млн. теңгенің орнына 4 млрд. 483,3 млн. теңге қамтамасыз етілді, артығымен 41,1 млн. теңге түсіп 100,9%-ға орындалды. 2020 жылмен салыстырғанда меншікті кірістер 1 млрд. 47,9 млн. теңгеге ұлғайды, өсу қарқыны 130,5%-ды құрады.
Аудан бюджетінің шығыс бөлігі жоспарланған 28 млрд. 36,2 млн. теңгенің орнына 27 млрд. 906,5 млн. теңгеге немесе 99,5%-ға игеріліп, игерілмеген қалдығы 129,7 млн теңгені құрады. Соның ішінде 114,2 млн. теңге үнемделген қаражат («Қордай ауылындағы" Батыс ы.а." ВЛ-35 кВ шағын ауданын электрмен жабдықтаудың инженерлік инфрақұрылымының құрылысын салу» нысаны – 96,3 млн. теңге, «Жамбыл ауылындағы 90 орындық мәдениет үйінің құрылысын салу» - 8,7 млн. теңге, аз қамтылған отбасыларына тұрғын үйлерді сатып алудан – 4,8 млн. теңге) және Сарыбулақ ауылында спорт кешені ғимаратының құрылысы бойынша 5% кепілдік соманың қалдығы - 15,5 млн. теңге (нысан келесі жылға өтпелі болғандықтан 2022 жылы пайдалануға беріледі).