ХАБАРЛАМА
2021 жылғы 28 қарашада Қордай ауданының Сарыбұлақ ауылдық округі әкімін сайлау өтті.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қордай ауданының Сарыбұлақ ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4373 азамат енгізілді, оның ішінде 4007 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 71, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 20.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Каспакбаев А.М. – 3597; Тәуекелов Ш.Ж.– 242;Турганалы А.Т. – 65. Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі болып Каспакбаев Адлет Медельбекович сайланды, 1986 жылы туған, жұмыссыз, Қордай ауылдық округінің Қордай ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 28 қарашадағы шешімімен 2021 жылғы 28 қарашада сайланған Қордай ауданының Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы