2021 жылғы 26 қыркүйекте Қордай ауданының Үлкен-Сұлутөр ауылдық округі әкімін сайлау өтті.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қордай ауданының Үлкен-Сұлутөр ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Үлкен-Сұлутөр ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 814 азамат енгізілді, оның ішінде 758 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 14, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 5.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Айнакожаева Т.А. – 14; Апильжанов Б.Е. – 65; Конырбаев Б.Ж. – 657.
Үлкен-Сұлутөр ауылдық округінің әкімі болып Конырбаев Бахыт Жаркынович, 1989 жылы туған, Үлкен-Сұлутөр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Үлкен-Сұлутөр ауылдық округінің Үлкен-Сұлутөр ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 қыркүйектегі шешімімен 2021 жылғы 26 қыркүйекте сайланған Қордай ауданының Үлкен-Сұлутөр ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы