Ақпараттық хабар

2021 жылғы 11 қыркүйекте Қордай аудандық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидат болып түсу туралы құжаттарды тапсырды:

Үлкен-Сұлутөр ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – 3;

Қаракемер ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – 3;

Қордай аудандық сайлау комиссиясы Үлкен-Сұлутөр және Қаракемер ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.

2021 жылғы 26 қыркүйекке тағайындалған Үлкен-Сұлутөр және Қаракемер ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 28 тамыздан 11 қыркүйекке дейін (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылды.

 

Дата публикации
11 сентября 2021