Ауыл әкімдігіне кандидаттар ұсыну қорытындылары туралы

2021 жылғы 9 шілдеде сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Аудан бойынша барлығы 3 сайлау округінде 9 кандидат, оның ішінде 6 (66,7%) - саяси партиялармен, 3 (33,3%)- өзін-өзі ұсынумен ұсынылды.

Саяси партиялар 3 сайлау округі бойынша кандидатураларын ұсынды: «NurOtan» партиясы 2 кандидат, «Ауыл» партиясы 3 кандидат, «АDAL» партиясы 1 кандидат.

Орташа бәсекелестік 3 адамды құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін белгілеу және оларды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілді, олар 2021 жылғы 14 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.

Ағымдағы жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша барлық округтерде кемінде 3 адам ұсынылды.

Кандидаттар шығып қалған және балама болмаған жағдайда (сайлау округінде екіден кем кандидат), заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі бес күннен аспайтын мерзімге ұзартылатын болады.

Ағымдағы жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша 9 кандидат тіркелді (100%).

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.

Дата публикации
10 июля 2021