Ақпараттық хабарлама

2021 жылғы 05 шілдеде Қордай аудандық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидат болып түсу туралы құжаттарды тапсырды:

Қордай ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – 2;

Степной ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – 3;

Сұлутөр ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – 3.

Қордай аудандық сайлау комиссиясы ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.

2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 26 мауысымынан 9 шілдеге дейін (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.

 

Дата публикации
05 июля 2021