Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

Қордай ауылы                                    №416                               12.10.2026 жыл

 

Мемлекет мұқтажы  үшін  жер учаскесін

мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

 

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына,             «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының                        6 - тарауына және Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің 2026 жылғы 16 қыркүйектегі №ПР-118004 хатына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қордай ауданы, Қордай ауылы, Қазыбек би көшесі, № 25 мекенжайдағы, азаматша Умбеткулова Алия Дауренбаевнаның   06-090-003-176 кадастрлық нөмірдегі, көлемі 0,1250 гектар, өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін арналған жекеменшік құқығындағы жер учаскесі мен тұрғын үйге қатысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын;
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні: 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін;
  3. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер учаскелерінің меншік иесінің жүгінетін орны: Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, № 278 үй мекен жайы бойынша орналасқан «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілік ғимараты;
  4. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін;
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

          Қордай ауданының әкімі                                                   Б. Болатбеков

 

Дата публикации
14 октября 2026