2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының
14-бабының 2) және 8) тармақшаларына және «2026 жылғы 29 қарашаға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 қаулысына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы
13 қазандағы №60/99 қаулысы және «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы»
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы
13 қазандағы №21 қаулысы  басшылыққа алынсын.

2. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (әрі қарай- Күнтізбелік жоспар) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Осы қаулы Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Қордай шамшырағы» газетінде жариялансын.

 

 

Төраға                                                                             А. Сырлыбаев

 

 

         Хатшы                                                                             Г. Ниязгулова

 

 

 

 

Қордай ауылы,

2026 жылғы 13 қазан

№ 08

 

Дата публикации
13 октября 2026