Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 - 2027 жылға сұранысқа ие мамандықтар тізбесін алдағы кезеңге бекіту туралы

                                             

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген

денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,

 спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,  ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне                  2026 - 2027 жылға сұранысқа ие мамандықтар тізбесін

 алдағы кезеңге бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және                 өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 – бабына және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 06 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес, Қордай  ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 - 2027 жылға ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне сұранысқа ие мамандықтар тізбесі алдағы кезеңге  бекітілсін;
  2. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін;
  3. Осы қаулынын орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

          Қордай ауданының әкімі                                                         Б. Болатбеков   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
10 октября 2026