Мемлекет мұқтажы  үшін  жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

 

Мемлекет мұқтажы  үшін  жер учаскесін

мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

 

 

            Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабы 2) тармақшасына, 84 бабы 2 тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6 - тарауына және 2025 жылғы                  22 сәуірдегі Кеңтараған пайдалы қазбаларды өндіру туралы                                        № 125 лицензиясына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына Қордай ауданы, Қарасу ауылдық округінің аумағындағы жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын;
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні: 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін;
  3. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер учаскелерінің меншік иесінің жүгінетін орны: Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, № 278 үй мекен жайы бойынша орналасқан «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілік ғимараты;
  4. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін;
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Дата публикации
11 августа 2026