Қордай ауданы әкімінің аппараты сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарламасы

Қордай ауданы әкімінің аппараты сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарламасы

 

 

2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған Жамбыл және Қаракемер ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының 5-тармағына сәйкес Қордай ауданының Жамбыл және Қаракемер ауылдық округтері әкімдерінің сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлаймыз:

 

№ 220 сайлау учаскесі

Учаскенің орналасқан жері: Қордай ауданы, Қаракемер ауылы, Құсайын Молдасейіт көшесі, №22, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің «№54 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Сайлау учаскесінің шекарасы: Қаракемер ауылы.

 

№ 221 сайлау учаскесі

Учаскенің орналасқан жері: Қордай ауданы, Керу ауылы, Жұмағұл Тіленов көшесі, №1 А, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің «Балауса балалар сауықтыру лагері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мекемесінің ғимараты.

Сайлау учаскесінің шекарасы: Керу ауылы.

 

№ 246 сайлау учаскесі

Учаскенің орналасқан жері: Қордай ауданы, Жамбыл ауылы, Көгершін көшесі №3, «Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі және тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жамбыл ауылдық мәдениет үйі мекемесінің ғимараты.

Сайлау учаскесінің шекарасы: Жамбыл ауылы.

 

№ 247 сайлау учаскесі

Учаскенің орналасқан жері: Қордай ауданы, Жаңатұрмыс ауылы, Абай көшесі № 20, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Сайлау учаскесінің шекарасы: Жаңатұрмыс ауылы.

 

 

 

Қордай ауданы әкімінің аппараты

 

 

Дата публикации
10 июня 2026