Қордай ауданы Жамбыл және Қаракемер ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Қордай  ауданы  Жамбыл және Қаракемер

 ауылдық округтері әкімдерінің

 сайлауын тағайындау туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 12 шілдеге Қордай ауданы Жамбыл және Қаракемер ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын;
  2. 2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған Жамбыл және Қаракемер ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін;
  3. Осы қаулы Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Қордай шамшырағы» газетінде жариялансын.

 

         Комиссия төрағасы                                                   А.Сырлыбаев

  

         Комиссия хатшысы                                                   Г.Ниязгулова

 

 

 

 

Қордай ауылы

03.06.2026 ж.

№5

Дата публикации
03 июня 2026