«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» аудандық байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесі

    1. Жалпы ережелер

     

    1. «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» аудандық байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) байқауға қатысу және жеңімпаздарды, жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
    2. Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілдің қазақстандық қоғам бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретіндегі рөлін арттыру, мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінін сауатты ресімдеу жолдарын насихаттау, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңы талаптарының орындалуын қадағалау және осы бағытта белсенділік танытып жүрген азаматтарды ынталандыру.
    3. Байқаудың міндеті – аудан (ауыл) аумағындағы квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) өкілдерін, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілерді және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтарды ынталандыру.

     

    1. Байқауды ұйымдастыру тәртібі

     

    1. Байқауды ұйымдастырушы – Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (бұдан әрі – Бөлім).
    2. Байқау жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен өткізіледі.
    3. Байқау аясында қоғаммен, квазимемлекеттік сектормен, жергілікті кәсіпкерлік субъектілерімен (шағын, орта және ірі бизнес) байланыс орнатылады.
    4. Байқауды өткізу туралы хабарландыру 2026 жылғы 1 сәуірге дейін жергілікті атқарушы органдардың (аудан, ауыл) интернет-ресурсы мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына орналастырылады.
    5. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.

    Қазылар алқасының құрамын Бөлім анықтайды.

    Қазылар алқасының құрамына бес адамнан тұратын филолог ғалымдар, заңгер, ғалымдар, мамандар, қоғам қайраткерлері кіреді.

    1. Қазылар алқасының мүшелері қатысушылардан түскен материалдар негізінде ашық дауыс беру арқылы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

    Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

    1. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді және оған қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.

     

    1. Байқауға қатысу тәртібі

     

    1. Байқауға квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) өкілдері, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілер және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар қатыса алады.
    2. Байқауға қатысушылар:

    1) Ережеге қосымша берілген нысанда Байқауға қатысуға өтінімді:

    1) тауар өндіруші:

    - өзі шығаратын барлық тауарлардың толық тізбесін және тізбеге қоса арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмалардың (этикеткалардың), таңбаламалардың, нұсқаулықтардың фотосуреттерін;

    - ғимаратта немесе тұрғынжайда орналастырылған хабарландырудың, жарнаманың, прейскуранттың, баға көрсеткiшінің, ас мәзірінің, нұсқағыштың және басқа да көрнекi ақпараттың фотосуреттерін;

    2) азаматтар жарнама мәтіндерінің сауатты жазылуын қадағалап, тіл нормасы бұзылып ресімделген жарнамаларды, деректемелер мен көрнекі ақпаратты және стильдік қатемен берілген аудио/ бейнежарнамаларды анықтап, ұсыныс беру арқылы түзетілген жұмыстарды жинақтап, дәлелдейтін құжаттарды (масс-медиадағы жарнамалардың сілтемелері немесе скриншоттары, баннер немесе билбордтағы фотосурет, келісілген жарнама үлгілері, жарнама мәтінінің түзетілгенін растайтын дейін/кейін фотоесеп және тағы басқа құжаттар) жолдауы керек.

    1. Байқауға соңғы 3 жылда бас жүлде және бірінші орын алған жеңімпаздар қатыстырылмайды.
    2. Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2026 жылғы:

    - 1 шілдеге дейін Бөлімге тапсырылуы қажет;

    - ұсынылған жұмыстар санына (20 жұмыстан артық емес) және сапасына қарай аудандық іріктеу кезеңінен өтіп 2026 жылғы 28 шілдеге дейін аяқталуы тиіс.

    1. Жергілікті атқарушы органдар:

    1) Байқауға қатысқан квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілер, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар арасынан жеңімпаздарды анықтауы;

    2) Жоғары тұрған органға жеңімпаз туралы мәліметті 14-тармақта көрсетілген мерзімде ұсынуы;

    3) Байқау жеңімпаздары туралы мәліметтерді (қатысушының жеке куәлігі, жұмыс орнынан анықтама)   және   олардың   жұмысын Бөлімге 2026 жылғы 29 шілде сағат 24.00-ге дейін ұсынуы қажет.

     

    1. Байқау қорытындысы

     

    1. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдар, алғысхаттар және Бөлім бекіткен жүлде қоры мөлшерінде қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
    2. Байқау жүлдегерлері туралы ақпарат Байқау өткеннен кейін 10 күн ішінде Бөлімнің ресми интернет-ресурсына және әлеуметтік желілердегі парақшаларына орналастырылады.

    Байланыс телефондары: 8(726-36)2-13-97, +7 7014080448.

     

Дата публикации
30 апреля 2026