
Қордай ауданы туристерді бірден-бір қызықтыра алатын, туристік ескерткіштері мол, туризмді дамытуда үлкен мүмкіндіктері бар өлке. Аудан аумағында орналасқан «Қарақоныз» мемлекеттік қорықша (заказники) бар. Сонымен қатар, келген туристерге бірнеше тарихи ескерткіштер мен танысуға болады, олар: Кенен ауылдық округінде - Кенен Әзірбаев атындағы мемлекеттік музейі, «Тұлғалар Тұғыры» Мемориалдық кешені, Отар ауылдық округінде «Кебекбай шешен» ескерткіші, Қордай ауылында - «Қордай батыр», «Ноғайбай би» ескерткіштері, Өтеген ауылында - «Өтеген батыр» кесенесі, Масаншы ауылдық округінде «Тоспалы жартас» сүреттері, «Дунген музейі», Қаракемер ауылдық округінде - «Кенесары хан Қасымұлы» ескерткіші, Қарасай ауылында «Қарасай батыр» ескерткіші.
Қордай ауданындағы жалпы тарихи – мәдени ескерткіштердің саны – 865. Оның ішінде сәулет, монумент – 41.
Қордай ауылы Қазақстан-Қырғызстан шекарасында орналасқандықтан ауданға транзитпен көптеген туристтер өтеді. Осыған байланысты ауданда туристік инфрақұрылым дамытылған. Аудан бойынша 86 кафе олардың ішінен аудан орталығында 32 кафе бар, 21 конақ үй, «Балауса» балалар - сауықтыру лагерлері бар. Бұдан басқа 4 демалыс кешені қызметерін ұсынуда, олар:
Қордай ауылында - «ССС» демалыс кешені, мұнда бір ғимаратта бассейн, кафе, монша, шаштараз, ақша алмастыру, дәріхана, денешынықтыру залы және балаларға арналған ойын кешені қарастырылған.
Қордай ауылында - «Саяхат» демалыс кешені, мұнда кафе, скутер, катамаран, аквапарк, монша, душ, су атракциондары, балық аулау зонасы бар.
Бетқайнар ауылында - «Бетқайнар» мұнда кафе, тапчан, катамаран, балық аулау зонасы бар.
Алға ауылдық округінде - «Грушовый сад» демалыс кешенінде табиғатта демалуға болады.
Облыстық зиярат ету орындарының тізіміне аудан бойынша Қордай асуында «Қордай батыр» кесенесі, Шарбақты ауылында «Ноғайбай би» кесенесі, Өтеген ауылында «Өтеген батыр» кесенесі, Қаракемер ауылында «Кенесары-хан» ескерткіші еңгізілген.
«Қордай батыр» кесенесі Қордай асуында Кенен ауылдық округ аумағында орналасқан. Шырақшысы Тоқтұров Думан Тұрсынғалиұлы. Шырақшының кесене маңында 2 бөлмелі бөлек үйі бар. Кесенеге баратын жол көрсеткіштері орналасқан, негізгі автожол трассасынан 150 метрде орналасқан. Жолы тегістелген. Электр жарығы күн батареялары арқылы алынады. Қазіргі таңға «Қордай батыр» кесеңесі қанағаттанаралық күйде. Ауыз су бар.
«Ноғайбай би» кесенесі Шарбақты ауылында Ырғайты өзенінің сол
жағалауында орналасқан. Санитарлық торабы қарастырылған, су, электржарығы бар. Кесене аумағында намазхана бар. Шырақшы қарастырылмаған.
«Өтеген батыр» кесенесі Өтеген ауылында орналасқан. Санитарлық торабы, су тарту жүйесі қарастырылған. Шырақшысы Жапеков Руслан Сағынұлы. 2017 жылы «Өтеген батыр» кесеңесіне баратын жолын жасау үшін 8,0 млн. теңге қаражат бөлініп, кесенеге баратын 400 метр жолы асфальттанды.
Кесенеге баратын жол көрсеткіштері және стандартқа сәйкес үш тілде ақпараттық тақтайша және QR-code орнатылған.
«Кенесары-хан» ескерткіші Қаракемер ауылдық округінде, Қаракемер ауылының оңтүстік – шығысында 14 км жерде, Қаракемер-Қарасай батыр тас жолының сол жақ бетінде, жолдан 30 м жерде орналасқан. Санитарлық торабы қарастырылған. Шырақшы Құрманбаев Бейбіт. 2017 жылы 486 мың. теңгеге кесенеге электр жарығы орнатылды (күн электро-батарея). Шырақшысы бөлек үйі бар. Кесенеде су тарту жүйесі қарастырылмаған. Кесенеге баратын жол көрсеткіштері және стандартқа сәйкес үш тілде ақпараттық тақтайша және QR-code орнатылған.