Жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекендердің шекаралары шегінде мал ұстау және ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы елді мекенді жерлерде малдарды бағу жүктемесінің ветеринарлық нормативтерін бекіту
Күшін жойған
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы N 28 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 20 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5145 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № 154 бұйрығымен.
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.05.2022 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "нормативін", "нормативі", "норматив" деген сөздер "нормативтерін", "нормативтері", "нормативтер" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.09.29 № 633 (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 8-бабының 20) тармақшасына, сондай-ақ жұмыс тобының 2007 жылғы 3 желтоқсандағы N 1 Хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.09.29 № 633 (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
1. Төмендегі ветеринарлық нормативтер бекітілсін:
Жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекендердің шекаралары шегінде мал ұстау;
Ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы елді мекенді жерлерде малдарды бағу жүктемесі.
2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Вице-министр С. Хасеновке жүктелсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.09.29 № 633 (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекендердің
шекаралары шегінде мал ұстаудың ветеринарлық нормативтері
Ескерту. Ветеринарлық нормативтердің мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгертілмейді- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.09.29 № 633 (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
|
Жануар түрлері |
Барлығы 1 басқа керекті тұрақ көлемі, кв.м |
|
Ірі қара мал: сиыр |
35,8 |
|
қашар |
29,1 |
|
12-18 ай арасындағы |
27,7 |
|
3-12 ай арасындағы |
19 |
|
3 айлық арасындағы төлдер |
7,6 |
|
Жылқы: бие |
38,4 |
|
1 жастан жоғары |
30,1 |
|
1 жасқа дейінгі төлдер |
14,4 |
|
Қой: аналық қой |
11,6 |
|
1 жастан жоғары жас қойлар |
8,4 |
|
қозы |
3,05 |
|
Ешкі: аналық ешкі |
11,7 |
|
1 жастан жоғары |
6,3 |
|
Шошқа: аналық |
24,2 |
|
4 айлық жастан жоғары |
9,8 |
|
2-4 ай арасындағы |
7,5 |
|
0-2 айлық |
1,9 |
|
Түйе |
- |
|
Тауық жұмыртқа басар |
1,7 |
|
Қаз аналық |
2,8 |
|
Үйрек аналық |
2,7Жүктеу |
барлық нормативтер есебіне мынадай тұрақ көлемі кіреді: 1 басқа арналған тұрақ көлемі, серуен алаңы, азық сақтау, шөп қара қоймасы, қи төсек қоймасы, жемсауыт түйе малының нормативтік тұрақ көлемі ірі қара малдарының нормативтік тұрақ көлемінде теңдестірілген.