18 наурыз күні Отар ауылдық округі әкімі Д.Есимовтың Гвардейский,Аңырақай,Бел, Отар ауылы тұрғындарымен кездесу өтті.2023 жылы ауылдық округте атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп,2024 жылғы жоспармен таныстырып ауыл тұрғындары тарапынан ауыз су,көше жарықтануы,жол жөндеу, теміржол көпір салу бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.
Отар ауылдық округінде 17 наурыз "Шаңырақ күні" аясында жаңа туған нәрестелердің ата-аналарына "Наурыз базарлық" естелік сыйлықтары демеушілер тарапынан табысталды.
Отар ауылдық округінде Наурызнама жобасына сәйкес 15 наурызда "Қайырымдылық-күні" ұйымдастырылып өткізілді.30212 әскери бөлім,ардагерлер кеңесі, және жеке кәсіпкерлер тарапынан аз қамтылған,мұқтаж азаматтарға азық-түлік себеттері тапсырылды.
14 наурыз – Көрісу мейрамы. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді. Отар ауылдық округінде "Көрісу күні" мерекесіне орай өткізілген іс-шара